Дереккөздің жазуынша, «Дендросаябақта жарты млрд теңгеге 6,5 шақырымдық веложол салынады» деген ақпаратқа қоғам белсенділері жолдың құнына күмінмен қарайды.
Дауға себеп болған веложол Шымкенттегі дендрологиялық саябақ ішінде салынып жатыр. Ұзындығы – 6,5 шақырым. «Веложолға 500 млн теңге жұмсалады», – деп табиғи ресурстар басқармасының басшысы басылымдардың біріне сұхбат берген.
Бұған қоғам белсендісі Амангелді Қалыбек: «Демек ол әр километрі веложолдың 76 млн теңгеге бөлініп кетеді. Мен белсенді велосипед жүргізушісі ретінде оның сапалы болғанын қалаймын. Бірақ екінші жағынан қаланың бюджетінің ақшасы оңды-солы шашылғанын қаламаймын», – дейді.
Қоғам белсендісінің айтқанына қатысты шенеуніктер веложолдың конкурстық құны – 458 млн теңге. Жол тек қана велосипедке ғана арналмаған. Жүгіруге арналған жолақ та болады екен. Жарық шамдар, орындықтар орнатылады.
Дендрологиялық саябақ директоры Бейбіт Мошқалов: «Табиғи ресурстар басқармасымен 2017 ж тапсырыс берілген. 2018 жылы мемлекеттік экспертизадан өтіп дайындалған. Сондықтан бұл кешегі 2019 жылғы бюджетте біз 2020 жылға ұсынған кезде бюджет тарапынан қолдау тауып, 2020 жылы осы құрылыс жұмыстары басталды», – дейді.
Жол желтоқсан айында пайдалануға берілмек.
https://youtu.be/QgyLh0dz4XA