Кәсіп қылам десеңіз...
Кәсіп қылам десеңіз...
389
оқылды
­­­­Иә, кейіпкеріміз Мөлдір Нұр­кенқызы оқу бітірген соң бір­шама уақыт жұмыс іздеген. Нәтиже шық­­­­паған соң, қатарлас­тарының кеңесі бойынша Халықты жұмыс­пен қамту орталығына барған. Орталық­тағылар оған «Жастар прак­тикасы» жайлы толыққанды мәлімет берген. Бағдар­ламаның не­гізгі мәнін түсінген ол маман­дығы бойынша тәжірибеден өте­тін мекемеге баруға асыққан. «Халықты жұмыспен қамту орта­лығына барғанымда «Жастар прак­тикасы» жобасымен таныс­тым. Маған белгілі бір мекемеде 6 ай бойы тәжі­рибеден өтуім ке­регін айтты. Оның үстіне, ай сайын 71 900 теңге жалақы ала­тынымды түсін­дірді. Әрі тәжі­рибеден өтіп, сол үшін айлық алаты­ныма қуан­дым. Өйткені мамандық бойынша жұ­мыс таба алмағаныма 1 жыл бол­ған еді. Орталықтағылар ма­ман­­­дығым бойынша елордадағы бос жұмыс орындарын қарап, ке­лісім­шарт жасаудың қамына кірісіп кет­тік», – дейді Мөлдір Нұркен­қызы. Журналистика саласында «Жас­­­­­­­тар практикасынан» өтіп жүр­ген Мөлдір Нұркенқызының тәжі­рибе мерзімі әлі аяқталған жоқ. Ол осы мүмкіндікті сәтті пай­да­лана алса, мекемеде тұрақ­ты жұ­мысқа қабыл­данатынын біледі. Айта ке­терлігі, «Жастар прак­тикасы» бойынша тәжі­рибеден өткен жас­­тар­дың 70-80%-ы тұрақ­ты жұмысқа қабыл­данған. «Жұ­­­­мыс­пен қамту – 2020 жол кар­тасы» бағдарламасы шең­бе­рінде жүзеге асқан жоба жас­тар­дың үміт шыра­ғын қайта жақты деуге негіз бар. Ал Рамазан Ғалымжанұлы «Жеңіл өнеркәсіп және дизайн» мамандығы бойынша Алматы тех­нологиялар университетінде білім алған. Ол да алғашқы кейіп­керіміз сияқты Жұмыс­пен қамту орта­лығының кө­мегіне жүгінген. Атал­ған орта­лықтың Instagram парақ­шасынан «Жас кәсіпкер» жобасы ту­ралы біліп, қатысушы ата­нуға өті­ніш білдірген. 3 апта бойы курста білім алған оның жобадан үйренгені көп екен. Бизнес-тренерлерден дәріс алып, сабаққа қатысқаны үшін 16 759 теңге шәкіртақыға ие болған. Оның ай­туынша, жаңа іс бастап, кәсіп ашқан жастарға бизнес-тре­нинг пен жо­баның маңызы зор. Өйткені ол тренингтен есеп-қи­сап, марке­тинг, салық жүйесі мен жар­нама жайлы толық мәлі­мет алған. Бизнес-жоспар жасау­дың сыры мен мәніне үңіліп, құ­ры­­­лымын тү­сінген. «Елімізде кәсіп ашамын деген жан­ға қолбайлау жоқ. Жобаға тіркелу де көп уақыт алмайды. Қиын­­­­дық біл­геніңді бизнесте кә­деге жарату кезінде пайда бо­лады. Әрине, оқу кезінде бәрін жетік меңгерсеңіз, кілтін таба ал­­­саңыз қиналмайсыз. Содан кейін кә­сіптің дөңгелеуі алғашқы са­­­лым­ды табу мен игеру жағына келіп ті­реледі. Өз басым «Жас кә­­сіпкер» жо­басына қаты­сып, бизнес жо­баны сәтті қорға­ған­­­дық­тан 505 мың теңге қайта­рымсыз грант ұтып алдым. Ата-анам­ның демеуі­мен, аталған қар­­жы­­мен кә­сібімнің ірге­тасын қаладым», – дейді Ра­ма­­­зан Ға­лым­­­жанұлы. Ол бастапқыда қаржылық сауа­­­­тын арттырып, кіріс-шығыс жүйе­­­­­­сін иге­руге ұмтылған. Қазір 3 адам­­­­ды жұмыс­пен қамтып отыр­ған Ра­мазан Ғалым­жанұлы Прези­­­денттің табыс салығы тура­лы Жар­­­лы­ғына дән риза. Өйткені олар 2019 жылы табыс салығын төлеп келген. Ал енді отандық өнім шы­­­ғаратын ком­пания қазан айына дейін салықтан босатылған. Алда шағын киім тігетін шебер­ханасын кеңейтіп, отандық киім өндірісіне жаңалық әкелуді мақ­сат етеді. «Елімізде жеңіл өнеркәсіптің үлес салмағы төмен екені барша­­­­мызға белгілі. Осыған қарап жұ­­мысымызды 2 есе артық орын­дауға тырысамын. Себебі қазір халықтың ұлттық нақыш­тағы киім мен бұйым­­­­­ға деген көз­қара­сы өзгерген. Этностиль біртіндеп тренд­ке ай­­налып келеді. Сон­дықтан ұлттық құндылықты дә­ріп­­тейтін дү­ние­лер көп бол­ғанын қалаймын», – дейді Алматы қала­сындағы киім тіге­тін шағын ше­берхананың иесі. 2019 жылы Рамазан Ғалым­жанұлы сияқты 20 мың жас «Жас кәсіпкер» жобасын аяқтағаны ту­ра­лы серти­фикатқа ие болған. Яғ­ни, бірталай адам жұмыспен қам­тыл­ғанын білуге болады. Жыл са­нап жобаның гео­графиясы кеңе­йіп, бизнес-тренингке қаты­сушы­лардың саны өскен. Ел ау­­­мағында бағ­дар­ламада бақ сы­­на­ғандар келе­сілерінің қаты­суына се­беп болған. Мәселен, Тұрар Ер­жанұлы аталған жоба тура­лы та­нысынан есті­ген. Досының кә­­сіп ашып, нәтижеге жеткенін біл­ген ол табыс табудың жолын үй­ренгісі кел­ген. «Досымның бизнес ашқанын білген соң, мен де неге бастап көр­­­меске деген ой келді. Артынша өті­ніш бердім. Біраз уақыттан кейін жобаға қатысатынымды біл­дім. «Жас кәсіп­кер» арқылы мар­кетинг әлемін зерт­теп, биз­несті қалай дамыту керегін үй­рендім. Қазір спортқа қажетті зат­­тарды жалға бе­румен айна­лысамын. Та­­­­бысым өзіме жетеді. Әрі спорт бол­ғасын жұмысым өзіме 2 есе ұнайды. Бо­лашақта бизнес жо­бамды әрі қарай да­мытып, кәсі­­­бімді кеңейткім ке­леді», – дейді Тұрар Ержанұлы. Аталған жобалар тек жұмыс­сыз жастардың емес, көпбалалы отба­сының, әлеуметтік әлсіз топ өкіл­­дерінің екінші тынысын аш­қан. Көпбалалы ана Феруза Оспан­­қызы да Тұрар Ержанұлы сияқты «Жас кәсіпкер» жобасы туралы құрбы­сынан естіген. Бұ­рын «Жібек жолы» ба­зарында сау­дамен айна­­лысқан ол қазір ті­гін сала­­сында жемісті еңбек етіп жүр. Ден­сау­лы­ғына байла­нысты біраз жыл жұмыс істемеген оған жаңа нәрсені үйре­ніп, сүйікті ісі­мен қауы­шу ба­қыт сый­лаған екен. «Тренингке қатысқаннан кейін бойымда сенім пайда болды. Мем­лекет берген мүмкіндікті пай­да­­ланып, табысқа жетуге бо­­ларын тү­сіндім. Кө­лік ішіне қа­жетті жаб­дық тігумен айна­­­лы­самын. Тап­сырыс көп. Бас­тапқыда жарнама жасау мен ішкі нарықты бақылауға біраз уақыт жұм­садым. Өйткені тре­нингте осы жа­ғына көп мән бер­сек, табысқа жету жолы жеңіл­дей түсе­тінін айтқан-ды», – дейді Фе­руза Оспан­­қызы. Кәсібін дөңгелетіп отырған кейіп­­керіміз алдағы уақытта ма­­та­­ға өзі жазу жазатын заманауи тігін маши­насын сатып алғысы келеді. Өйткені қазір тұты­нушы­лар да за­манауи үлгідегі дүниеге қызы­ға­ды екен. Әрі жүргі­зуші­лер ұзақ жолда шарша­мауы үшін массажы бар орындық қаптарын тік­кісі келеді. «Егер осы айтқан­дары жү­зеге асса, атым­ды бренд­ке айнал­ды­ра ала­мын», – дейді ол. Жоғарыда 2019 жылы жоба бойын­ша 75 мың адамның білім ал­ғанын жаздық. Ал 2020 жылы ма­мандар 30 мың жұмыссызды оқы­туды көздеп отыр. Әрі биыл оқу форматы онлайн жүйеге ауыс­қан. Ендігіде қатысушылар прак­ти­калық дағдыларды игеруге күш сал­мақ. Өйт­кені жоба жетек­шіле­рі әрбір қаты­сушыны белгілі бір биз­нес түріне дағды­­ландыруды қол­­ға алмақ. Қай жобаны алып қарамасақ та, іздесең «екі қолға бір күрек» табуға бо­ларын нұсқайды. Каран­тин шарасы жеңілдеген бірнеше айдың ішінде жұмыспен қамту ор­­нына өтініш берген адамдардың саны да өскен. «Жастар прак­ти­касы», «Жас кәсіпкер», «Бизнес Бастау» сынды жобалар арқылы кәсіп бастауға болары тү­сінікті. Тек кез келген мемлекеттік бағ­дарлама туралы толық мәлімет жинап, ар­тық­шы­лығын түсінген абзал.  

Айзат АЙДАРҚЫЗЫ