Жаңғырған Сыр өңірі
Жаңғырған Сыр өңірі
«2017 жылы жобалық кеңсенің үйлестіруімен әкімдіктер, басқар­малар мен басқа да мемлекеттік органдардың, ЖОО, өңірдегі ҮЕҰ, саяси партиялар және бел­сенді жастар ұйымдарының қа­тысуымен 153 жоба жүзеге асыры­лып, түрлі форматтағы 1 908 шара ұйымдастырылды», – дейді орталық басшысы Уәлихан Серікұлы. Сондай-ақ 2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілген екен. Іс-шаралар жос­парында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 6 арнайы жо­басы («Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру», «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Туған жер», «Қа­зақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстанның 100 жаңа есімі») және бағдарламада айтылған негізгі бағыттар («Бәсекелік қабілет», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Са­на­ның ашықтығы», «Білімнің сал­танат құруы», «Прагматизм», «Қа­зақстан­ның эволюциялық дамуы») толық қамтылды. Кешен­ді жоспар бойынша 185 жоба жүзеге асырылып, 2 290 шара ұйым­дас­тырыл­ды. «2019 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басым бағыт­тары мен қоғамдық сананы жаң­ғыртуға бағытталған түрлі фор­мат­тағы 283 шара қамтылған. Іс-ша­­ралар жоспарына Елбасының 2018 жылғы 21 қарашада жарияла­ған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған арнайы жобалар («Архив – 2025», «Ұлы дала­ның ұлы есімдері», «Түркі әлемі­нің генезисі», «Дала фоль­клоры мен музыкасының мың жылы», «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі») енгізілді», – дейді Уәлихан Серікұлы. Елбасының «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» және «Ұлы да­ланың жеті қыры» атты бағ­дар­ламалық мақалаларының иде­я­ла­ры бойынша «Рухани жаң­ғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты 2019 жылы іске асырылған үздік жобалар қата­рын­да «Сәтті жобалар жина­ғын» шығарған болатын. Атал­мыш жинаққа Қорқыт ата мұ­ра­сын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында 3 тілде шығарылған «Қорқыт ата­ның даналық сөздері» кіта­бы мен «Ізденіс» жасыл академиясының жастарды бау-бақша өнімдерін өсіру арқылы еңбекке баулу жо­балары енгізілді. 2020 жылдың алғашқы жартыжылдығында қа­ла­лық, аудандық әкімдіктер мен облыстық басқармалардың ұйым­дастыруымен 963 шара өткіз­ілді. Уәлихан Серікұлының айтуын­ша, өңірлік «Рухани жаңғыру» орталығының бастамасымен өз саласы бойынша жетістікке жет­кен, жастарға үлгі боларлық азамат­тарды танымал ету, қызметін, еңбек жолын жастар арасында насихаттау мақсатында YouТube хостында «Тұлға» айдарымен бейнероликтер дайындалып, жариялануда. Бұл ай­дармен қазіргі таңда 21 бейнеролик түсірілді. Кейіпкерлер Facebook парақ­шасында және аудандар, ауылдық елді мекендерден сауал­нама жүргізіп таң­далды. Олардың ішінде білім, поли­ция саласының ардагерлері, еңбек династиялары, медбике, қолөнершілер мен қара­пайым жұмысшы механизатор да қамтыл­ған. Сондай-ақ YouТube хостында «Бала тілі – бал» айдары бойынша бейроликтер дайындалды. «Әз-Нау­рыз мейрамы» және т.б. ролик­тер дайындалды. Қазақстан Мемлекеттік хатшы­сы Қ.Көшербаев бекіткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2020 жылға арналған республикалық іс-шаралар жос­парының 49-тармағына сәйкес деректі фильмдер мен танымдық роликтер сериясы дайындалуда. Бүгінгі таңда «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасын іске асыру шең­берінде Қызылорда облысы бо­йынша киелі объектілер туралы де­ректі фильмдер шығару кестесі жасалды. «Волонтерлер жылына орай облыстық «Рухани жаңғыру» ор­талығы жанынан еріктілер тобы құрылып, құрамына 30 ерікті енді. Бүгінде орталық жанындағы еріктілер түрлі шараларға белсенді түрде араласып, игі істердің басында жүр. Осы ретте, орталықтың ресми парақшаларында «Ең үздік пост» байқауы, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін «Артық білім кітапта, ерінбе оқып көруге» және «Туған өлкем – байлығым!» атты байқаулар өткізілді. Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Атамның ама­наты» атты бейнероликтер топ­тамасы дайындалып, көпшілік назарына ұсынылды», – дейді орталық басшысы Уәлихан Ибраев. 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Қазақ зия­лы­лары және зұлмат жылдар» ат­ты зиялы қауым өкілдерімен, та­­рихшылармен онлайн формат­тағы кездесу және «Абай шығарма­лары – ғасырлар биігінде» респуб­ликалық онлайн семинары өт­кіз­іл­ді. Облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының «Рухани қазына» бөлімінің басшысы, ф.ғ.к., түркі­танушы С.Қосановтың «Қорқыт ата кітабы және Сыр бойы аңыз­дары», «Алтын Орда дәуірінде Сыр өңірінде дүниеге келген әде­би мұралар», «Алтын Орда ке­зеңіндегі Арал маңы әдебиеті: «Су­хейл мен Гүлдірсін» дастаны» тақырыптарында онлайн дәрістері өткізілді. Ұлттық домбыра күні­не орай домбыра аспабын ел ара­сында насихаттау мақсатында «Қа­зағымның жанысың сен, домбыра» челленджі өткізілді. Бүгінде орталықтың бастама­сымен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында «Сандардың ұлт­тық ұғымдары», «Қазақтың би-ше­­шендері», «Мезгіл сырлары мен құпиялары», «Қазақтың ұлт­тық киімдері», «Қазақстанның көрікті орындары», «Ұлттық кино индустриясы», «Қазақ батыр­лары», «Туыстық атаулар», «Адам өміріндегі жөн-жоралғылар» та­қырып­тарында постерлер дайын­далып, жариялануда. Бағдарламаны іске асыру жө­­ніндегі 2020 жылға арналған ке­шенді іс-шаралар жоспарына сәй­кес ұйымдастырылатын бір­неше жобалар жүзеге аспақ. Ол жобалар қатарында волонтерлер жылы ая­сында «Игі істер жаршысы» онлайн акциясы, Қызылорда қа­ласындағы мәдени-тарихи ма­ңызды ескерткіштерді облыс жас­­тары арасында насихаттау мақсатында «Көне ғимараттар ғибраты» тақырыбындағы та­ным­дық  экскурсиялар, «Мен жаз­баймын өлеңді ермек үшін...» тақырыбында қазақ ұлтының ад­ам­­­гершілік-этикалық болмысы жайлы жас ақындар мүшәйрасы (онлайн), «Сыр қойнауы» жас өлкетанушылардың облыстық сайысы, I-VENT облыстық кол­ледж студенттері мен жоға­ры сынып оқушыларының ин­но­вация­лық және бизнес жоба­ларының форумы, университет ғалымдары мен оқытушыларының қатысуымен қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықты насихаттау мақ­сатында 100 kitap тақырыбында ашық диалог алаңы (youtube хостында бейнероликтер топ­тамасы), мұқтаж адамдарға киім-кешек пен заттар, азық-түлік жи­нау және тарату жұмыстарымен айналысатын әлеуметтік дүкендер мен орталықтарды әлеуметтік желілерде насихаттау, облыстық жас ақындарды насихаттау мақ­сатында «Жас дарын» атты бейне­роликтер топтамасын әзірлеу, Қызылорда қаласы бойынша ес­керт­кіштер мен көшелердің тарихы туралы танымдық-ақпарат­тық шы­ғарылымын әзірлеу бар.  

Миуа БАЙНАЗАР, Қызылорда облысы