Вице-президенттің кортежі жарылып, 10 адам қаза тапты, 16 адам жарақаттанды
Вице-президенттің кортежі жарылып, 10 адам қаза тапты, 16 адам жарақаттанды
5,120
оқылды
Ауғанстанда елдің бірінші вице-президенті Амрулла Салехке қастандық жасалды, деп жазады Tolonews. Кабулдың Таймани ауданында  Салехтің көлігін  бүгін таңертең жарып жіберген. Елдің ішкі істер министрлігі 10 адамның қаза болып, 16 адам жарақаттанғанын растады. Вице-президенттің өзіне қастандық жасалмақ болған көрінеді. Оның қолы мен беті жеңіл жарақаттанды. Сондай-ақ оның қорғаушылары да зардап шеккен. Осы жағдайға байланысты  Амрулла Салех видеоүндеу жасап, өзіне қастандық жасалған кезде жапа шеккендерден кешірім сұрады.