Коронавирус балалардың жүрегін зақымдайды
Коронавирус балалардың жүрегін зақымдайды
Фото: Интернеттен алынды
247
оқылды
The Lancet журналының мәліметінше, ауру салдарынан балаға өмір бойы дәрігердің қадағалауы қажет болуы да ықтимал, – деп жазады «Қазақпарат». Joe R. and Teresa Lozano Long School of Medicine медицина мектебі педиатрия кафедрасының ассистенті, неонатолог, Сан-Антониодағы Техас университеті Медицина институтының магистрі доктор Альваро Морейроның айтуынша, мультижүйелі қабыну синдромы коронавирус симптомсыз өткеннен кейін 3-4 аптадан кейін пайда болады.
«Тыныс алғанда COVID-19 белгісі байқалмаған балаларда мультижүйелі қабыну синдромы дамуы мүмкін. Бұл – қорқынышты жайт. Балада ауру белгісі болмағандықтан, науқас екенін де білмейді. Бірақ 1-2 аптадан соң ауру өрши түсуі мүмкін», – деді Альваро Морейро.
Мамандардың айтуынша, бұл ауру SARS-CoV-2-мен байланысты балаларда кезедесетін жаңа дерт. Асқынған жағдайды өлім-жітімге жеткізуі мүмкін. Себебі, ауру жүрек, өкпе, асқазан-ішек жолдары, жүйке жүйесін зақымдайды.