Дәстүрді таба қылмайық!

Дәстүрді таба қылмайық!

Бұрындары ауылда шатыр құрып, той жасайтын қауым қазір әлі жетсін-жетпесін, жағдайы көтерсін-көтермесін қа­ла­ға қарай ағылып, думанды қымбат мейрамханада өткізуге үйір. Соның кө­бін несие алып жасайтыны тағы бар. Мемлекеттік бағ­дар­ла­мамен жеке кәсіп ашамын деп алған қаражатымызды да тиім­ді жұмсамай, той-думанға шашамыз.

Бір-бірінен оза шабу деген бәсе­келестік тұрғанда біз бұл жағымсыз қы­лықтан әзір арылмаспыз. Оны ай­тасыз бүгінгі күні тойға дәстүрлі ән­шілерді шақыру да сәннен қал­ған. Қымбат болса да атақты деген аса­баны шақыруға құмармыз. Олар жиналған халықтың көңі­лін қызықты ойындармен көтер­гі­лері келеді-ақ. Бірақ кейбір ойын­сы­мақтары әлеуметтік желіде тал­қы­ланып, күлкіге қалатыны тағы бар. Мысалы, жақында сондай бір ке­леңсіз көрініске қарық болдық. Ер адам, ер адамның үстіне мініп алып музыка ырғағымен билей жө­неледі. Енді бірде әйел, еркегіне қа­рамай, бір-біріне жақындап ыр­ғалып-ырғатылып ортадағы шар­ды жарып мәз. Күлкіге қарық бол­ғандар арасында балалар жүр-ау деп әсте ойласашы. Міне, біздің ойы­нымыздың сиқы.

Тойларда тәтті шашылушы еді. Қазір қымбат заттарды шашу бе­лең алған. Иә, солай! Атырауда бір кәсіпкер баласының тойында қым­бат телефон «шашқан». Шашуға ар­н­алған 50 телефонның біреуінің өзі кем дегенде 500 мың теңге тұ­ра­ды екен. Атыраулықтар үшін бұл қалыпты жағдайға айналған. Та­ғы бір ұлттық дәстүрді мақұрым ет­кен тойдағы бейнебаянды кө­ріп қынжыласың. Айтарымыз бір жиында оқалы шапан емес, ақ­са­қал­дың иығына ақшадан тігілген ша­пан жабылыпты.

Дабыра емей немене, қазір көңіл көтеретін орындардың сырт­қы есігін көлік кіретіндей жасауға көш­кен. Өйткені ішке жүлдеге тігіл­ген көлікті кіргізеді. Сонымен бірге жас жұбайларды лимузинмен төрге оздыру да үрдіске айналып барады.

Дабыралатқан бір қазақ жүлдеге 200 млн теңгенің көлігін ойнатқан той болғандығы да жыр болып ай­тылу­да.

Міне, біздегі жағдай! Ал көрші өзбек халқы да осындай шығын ша­шар той-томалақтан мезі болған сияқ­ты. Өйткені Өзбекстанда «Үй­лену, отбасылық тойларды және ес­ке алу шараларын өткізу тәртібі жө­ніндегі» парламент қаулысы қа­былданды.

Қаулы 2020 жылдың 1 қаңтары­нан бастап күшіне енбек. Ондағы тәртіпке сәйкес, салтанатты шара таң­ғы сағат 6-дан кешкі 23 арасында өтуі тиіс.

Бірақ мұның марқұмды соңғы сапарға шығарып салу шарасына қа­тысы болмайды. Бұдан бөлек жер­гілікті әкімдер, мәслихат депу­таттары той өткізу уақытына өзгеріс енгізе алады.

Құжатта отбасылық шараға 200-ден артық адамды жинамауға кеңес берген. Ал үйлену тойына ша­­қырылған адам саны 250-ден ас­пауы тиіс, аспаздық шараларға 300-ге дейін адам шақыруға болады. Той ұйымдастырушылар шара өт­кізетінін бір апта бұрын жергілікті билікке ескертуі қажет.

Сонымен бірге қаулыға сәй­кес, ұлттық дәстүрге қайшы келе­тін шоуларды өткізуге тыйым салы­на­ды. Мұнан бөлек адам о дүниелік бол­ған кезде өткізетін жетісі, бей­сенбілік намаз, қырық, жүз күн жә­не жылдық асы деген секілді еске алу шараларына тыйым салынған.

Айтайын дегенім, осындай ысы­рабы көп, ұлттық дәстүрімізді ала­лайтын той-жиындарды бізде де тәртіпке салар күн келген сияқ­ты. Неге біз дарақымыз? Қайта ха­лық жиналған жерде өзіміздің ата-бабамыздан қалған салт-дәс­түрімізді ұлықтағанымыз жөн-ау!


Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ