Пойыз билеті 50-70 процент жеңілдікпен сатылатын болды
Пойыз билеті 50-70 процент жеңілдікпен сатылатын болды
Фото: Интернеттен алынды
164
оқылды
Биыл 1 шілдеден бастап Mobius жол жүру билеттерін ресімдеудің жаңа жүйесі іске қосылды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, электронды жүйе халық тиімді. Егер пойызда орын болмаса, жолаушыға «Күту парағына» өтініш қалдырады. Бос орын пайда болса, жолаушының электронды поштасына хат келеді. Жолаушыларды тасымалдау ережесіне сәйкес, барлық топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға, мүгедек балаларға пойыз билеті 50% жеңілдікпен сатылады. «Тұлпар-Тальго» пойызына да мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін орындарға 70% жеңілдік бар. Олар биыл 26 маусымнан жеңілдікпен сатылатын билеттерді онлайн ресімдей алады. Ол үшін жолаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассасында (бір рет) тіркеуден өткізіп, бірегей символдар жиынтығы бар «Мейірім» электронды дисконттық картасын алуы тиіс. Тіркеуден соң, билетті үйде отырып, онлайн сатып алады. Электронды карта 1 жылға жарамды. Мерзімін де онлайн ұзартуға болады.