«Азаматтарға арналған үкіметтің» бақытты клиенттері
«Азаматтарға арналған үкіметтің» бақытты клиенттері
201
оқылды
«Азаматтарға арналған үкіметтің» Алматы облыстық филиалында «Бақытты клиент» акциясы өткізілуде. Қызмет алуға келген көп балалы аналар, жаңа босанған аналар, ардагерлер, зейнеткерлер мен алғаш рет төлқұжаттарын рәсімдеуге немесе дайын құжаттарын алуға келген  азаматтарға акция аясында құттықтау айтылып, сыйлықтар мен тәттілер таратылды. Қызмет алушылардың көңіл-күйін көтеруге бағытталған бұл іс-шара Қазақстанның барлық аймақтарында өтіп жатыр. Әрине,  бұл жерде сыйлықтың көлемі мен бағасы маңызды емес, бастысы – осындай қиын сәтте тосынсый жасау арқылы халықтың көңіліне демеу беріп, қуаныш сыйлау.

Болат Абаған