Артық майы мен кесілген тері қалдықтарын ашық жариялап, қыз-келіншектерді жаппай көңілі толмайтын дене мүшесінен арылуға шақырған, – деп хабарлайды КТК.
Бірақ қан аралас жарнама қыз-келіншектерді шошытып отыр.
Пластикалық операция істейтін клиникалар ота кезінде сылып алған адамның терісін қолға ұстап, суретке түсіп, әлеуметтік желіде жариялаған.
Қан араласқан жарнама жиіркеніш тудырған. Бір жылда 20 мыңнан астам адам әлеуметтік желідегі жан түршігерлік жарнамаларға арызданған.
Қазақстан интернет қауымдастығының президенті Шавкат Сабыров: «Осындай суреттерді жариялайтын адамдар халыққа не көрсетіп жатқанына мән беруі қажет. Рас, қазір ондай көріністер әлеуметтік желілерде қаптап кетті. Біз қолымыздан келгенше айтамыз, түсіндіреміз. Жазбаны алып тастауды сұранамыз. Әрине, бірі келіссе, бірі келіспейді. Сондықтан Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен өкілетті органдар ондай беталды суреттерге заң тұрғысында шектеу қоюы тиіс», – деп санайды.
Ал клиника иегерлері болса, «бұл – маркетинг» деп отыр.
Пластикалық хирургия және косметологиялық клиниканың бас директоры Болат Бөлдекбаев:
«Біздің клиенттер отаның қалай жүзеге асатынын көргісі келеді. Сол үшін олардың өтініші бойынша салдық. Егер біреулерге ол ұнамаса, біздің парақшаны көрмесе болады. Біз «осы суретті қараңдар» деп ешкімді қинап жатқан жоқпыз. Кесілген теріні әлеуметтік желіге салуға өзім рұқсат бергенмін. Онда еш қатігездік көріп тұрғаным жоқ. Бұл – жай жарнама, маркетинг» дейді.