Ресейлік боксшылар әлем чемпионаты кезінде ішіп алып шу шығарды
Ресейлік боксшылар әлем чемпионаты кезінде ішіп алып шу шығарды
210
оқылды

Оларды айналасындағы адамдар ажыратуға тырысқан

Екатеринбургте өткен бокстан әлем чемпионатында ресейлік боксшылар ішіп алып, шу шығарған. 

Бұл туралы ресейлік БАҚ хабарлайды. 

19-ынан 20 қыркүйекке қараған түні Ресей бокс федерациясының өкілдері кафеде бас қосып, кештің соңы дау-дамайға ұласқан. Жағдайды реттеуге Ресей гвардиясы сарбаздары араласуға мәжбүр болған. 

Сондай-ақ алкогольді мас күйде болған бірнеше боксшы караокеде өзара дауласып, төбелес шығарған. Оларды айналасындағы адамдар ажыратуға тырысқан. 

Боксшылар шлем және бронежилет киген сарбаздардың өзіне тиісіп, оларды қорқытқан. Тіпті спортшылардың бірі арнайы жасақта бұрын қызмет атқарғанын айтып доқ көрсеткен. Дауға қатты араласқандардың ішінде әсіресе, Татарстан бокс федерациясының өкілі Владислав Носовец пен Дағыстан құрамасының бапкері Шәміл Пірнаевтың есімдері аталады. 

Абырой болғанда, жағдай оңынан шешілген. Мас болып қалған боксшылар нөмірлеріне жеткізіліп, өзгелері татуласып тарқасқан.