Әдебиетсіз – әлем бос
Әдебиетсіз – әлем бос
© коллаж: Елдар Қаба
Ол бірнеше кемшіліктің бар еке­нін айтып, қадау-қадау мәселелерді белгілеп берді. Атап айтар болсақ, «біріншіден, қазақ әдебиетінің кей­бір көрнекті өкілдері – классик ақын-жазушылардың шығармалары оқу бағдарламасына енгізілмеген. Атап айтқанда, Ғабиден Мұстафин, Жұбан Молдағалиев, Жұмекен Нә­жі­меденов және басқа да белгілі қа­ла­мгерлердің еңбектері тыс қал­ған. Оның орнына оқулықтарда қа­лың жұртшылық біле бермейтін, әде­би ортада әлі толық мойындала қой­маған ақын-жазу­шылар кезде­седі. Сонымен бірге кейбір сынып­тарға арналған «Қазақ әдебиеті» оқу­лығына Д.Лондон, Р.Ғамзатов, Э. Хе­мингуэй, А.Пушкин сияқты шетел ақын-жазушыларының ең­бек­тері енгізілген. Екіншіден, оқу­лықтар, негізінен күрделіден қара­пайымға өту тәсілін қолдана отырып әзірленген. Атап айтқанда, 7-9-сы­нып оқушылары М.Дула­товтың «Ба­қыт­сыз Жамал» романы немесе І.Жан­­сүгіровтің «Құлагер» поэмасы сияқ­ты күрделі шығар­маларды оқи­ды. Ал 10-11-сынып оқушыларына, керісінше С.Сейфуллиннің «Сыр сан­дық» өлеңі немесе Ш.Мұрта­за­ның «Тәуекел той» әңгімесі сияқ­ты жеңілдеу шығармалар берілген. Үшін­шіден, жекелеген қалам­гер­лер­дің өмірбаяны мен шығарма­сы бірнеше сыныпта оқылады. Оған қоса, кейбір ақын-жазушылар­дың шығармалары бір оқулықтың ішінде бірнеше мәрте оқылатын жайттар кездеседі. Төртіншіден, орта және жо­ғары сыныптарға (5-11) арналған оқулықтардың мазмұнында бі­різді­лік жоқ. Мысалы, біресе хроноло­гиялық қағидат басшылыққа алын­са, біресе тақырыптық қағидат бас­шы­­лыққа алынған. Осы ретте, «Қа­зақ әдебиеті» оқулығы 5-11-сы­нып­тарда өзара байла­ныс­қан, бір-біріне жалғасқан тақы­рып­тарды қамтуға немесе төл әде­биетіміздің хроно­логиялық дамуына негізделуі тиіс деп ойлаймыз» деп нақты мәсе­ле­лерін атап көрсетеді. «Қазақ әдебиеті» оқулығындағы олқылықтар туралы бұған дейін де талай айтылып келді. Президент Әкім­шілігі Басшысының бірінші орынба­сары Дәурен Абаев өзекті мәселені қоз­ғап отыр. Ол Мемлекет басшы­сы осы талдау қоры­тынды­сымен таны­сып, Білім және ғылым ми­нистр­лігіне мәселені мұқият зер­делеуді және кемшілік­терді жоюды тапсыр­ғанын атап өтті.  

«Қазақ  әдебиетіндегі» қателіктер неден кетті?

Профессор Айгүл Ісмақова бұ­ған дейінгі «Қазақ әдебиеті» оқу­лық­тарын арнайы мамандардың дайын­дамағанын айтады. «Бізде «Оқул­ық» орталығы бар. Ол орта­лық бас­памен өздері жеке жұмыс істейді. Әр баспа орталықпен келі­сіп, автор­ларды өздері іздеп, өзде­рі дайын­дай­ды. Әрі оқулық қысқа уақыт ішін­де дайын­далады. Әрі кетсе, 3 ай. Жап-жас автор­лар­ды тауып алады. Олар не іс­тейді? Ға­лым­­дардың дайын кітап­та­рынан үзіп-жұлып ала­ды да, оқу­лыққа енгі­зе салады. Көбісі – пла­гиат. Бізге мектеп мұға­лімдері жиі ха­бар­­ласады. «Мы­на кітапты оқу­шы­ларға қалай оқыта­мыз?» деп жы­ларман болады. «Ма­хам­бет жоқ. Ілияс Жансүгіров қа­лып қой­ды» деп шырылдайды. Мұх­тар Әуезов атын­дағы Әдебиет және өнер инс­титуты бар. «Қазақ әде­биеті» оқу­лық­тары осы инсти­тут­қа сарап­та­маға жібе­рілуі керек қой», – дейді. Ғалымдар оқулықты дайын бол­ған­нан кейін ғана сараптай алады. Оған дейін оқулықтың дайындалу процесі көрсетілген емес. Сапасыз оқулық шығуының себебі осында секілді. «Ахмет Байтұрсынов: «Мек­теп­тің басты екі қару-жарағы бар: бі­рін­шісі, кәсіби дайындығы бар мұ­ға­лім, екіншісі, сапалы оқулық» де­ген болатын. Кәсіби мұғалімдер бар шығар, оқулықтың сапасы тү­зелмей, жақсы білім бере алмайды. Тәуел­сіздік кезеңінде оқушыларды сапалы оқулықпен қамтамасыз ете алмасақ, бұл – ұлтқа сын», – дейді профессор Айгүл Ісмақова.  

Аймағамбетов олқылықты түзей ала ма?

Білім және ғылым министрі Ас­хат Аймағамбетов алдағы уа­қытта мек­­теп­те оқытылатын «Қа­зақ әде­­биеті» пәнінің мазмұны, құры­­лымы, тіпті бағдарламасы да түбе­гейлі өз­­­ге­­­ретінін айтып отыр. Ол: «Әдебиет­ші ғалымдарды, білік­ті ұс­таз­дарды, осы саланың маман­­­­­­дарын басын қосатын арнайы ко­миссия құрылып, қазақ әдебие­тінің мектепте оқыту әдіснамасы, бағдарламасы мен оқу­лығы қайта пысықталмақ», – дей­ді. Әзірге ко­мис­­сия қашан құры­ла­ты­ны, оған кімдер кіретіні белгісіз.  

Ғалымдар оқулықты дайын бол­ған­нан кейін ғана сараптай алады. Оған дейін оқулықтың дайындалу процесі көрсетілген емес. Сапасыз оқулық шығуының себебі осында секілді.

  «Егер комиссия қажетті маман­дарды іріктеп алмай, бұрынғы күйін­­­­ше «Оқулық» орталығында әзір­ленетін болса, онда өзгеріс бол­май­ды», – дейді профессор Ай­гүл Ісма­қо­ва. Жалпы, оқулықтың қай­та дайын­далатынына, оқыту әдіс­на­­­­­масы өзгеретініне ғалымдар қуа­­­­нып отыр. М.Әуезов атындағы Әдебиет жә­не өнер институтының дирек­то­ры Кенжехан Матыжанов: «Пре­зидент Әкімшілігі Басшы­сының бірінші орынбасары Дәурен Абаев­тың «Қазақ әдебиеті» оқулығына қа­тыс­ты айтып отырған мәселесі өте өзекті. Жалпы, бұл мәселе қо­ғам­да бұрыннан қордаланып келе жатқан дүние. Өткен жылы М. Әуе­зов атын­дағы Әдебиет және өнер институты қала әкімдігімен бірлесе оты­рып, «Орта білім беру­дің жаңар­тылған мазмұны аясында қазақ әдебиетін оқытудың өзекті мәсе­лелері» атты респуб­ликалық ғылы­ми-практи­калық конфе­рен­ция өт­кіз­дік. Оған ға­лым­дар, мектеп мұғалімдері қа­тыс­ты. Қазіргі қазақ әдебиетін оқы­ту­­дағы олқы­лық­тар мен кемшіліктері жө­ніндегі ойла­рын ортаға салған еді, – дейді. Оның айтуынша, еліміз­дегі б­і­л­ім жүйесіне жаңар­­тылған білім беру бағдарламасын енгізген кезде осын­дай олқылықтар орын алды. Кем­бридж универ­ситетінің оқыту бағ­дар­­ламасын алып келіп, оны ағыл­шыннан орысшаға, орыс­ша­дан қазақшаға аударып, бірден енгізіп жіберді. Әрине, жаңар­­­тылған білім беру мазмұнының жақсы жағы да көп. Осы жақсы жағын ала оты­рып, ескі реформа­дағы озық тәжіри­белерді де қосу керек еді. Жаңар­тыл­ған білім беру бағдар­ламасы негізінде әзірленген оқу­лықтарды жаза­тын авторлар да іріктелмеген. «Ең алдымен, «Қазақ әдебие­тін» оқыту бағдарламасының өзі дұрыс жасал­ған жоқ. Оқулық жаза­тын автор­лардың басты сүйенетін кри­терийі не? Ол – бағдарлама. Әде­биетті оқытуға қойылатын та­лап бар. Ол талаптың өзі шетелдің үлгі­сі­нен көшірілген. Ол біздің не­гізгі ерек­шеліктерімізге келе бер­мейтін жағ­дайы бар. Бұрын бала­лардың жас ерекшеліктерін, психо­логия­сын ескере отырып, соған лайық шы­ғар­малар таңдап алына­тын еді. Осы жолы ондай ерекше­ліктер ес­ке­­­рілген жоқ. Өйткені жаңа білім бағдар­ламасы мүлдем бөлек болды. Оқулық та соған әзірленді. Сөй­тіп, біз кем­шіліктер жіберіп алдық», – дейді К.Матыжанов. Ал енді құрылғалы отырған ко­мис­сия нені ескеруі керек? Оқу­лық дайындауда не есепке алын­ғаны жөн? «Ең алдымен, оқулық жаза­тын авторларды таңдау керек. Мектеп мұғалімдерімен қатар, ма­ман әде­биет­шілерді де қатыстырған жөн. Өйткені оқулық жазатын ма­­мандар әдебиеттің курсын толық білмейтін болса, қандай классик бар, оның қандай шығармалары бар деген дүниелер мектеп бағдар­ла­масына ен­бей қалады», – дейді Кенжехан Ма­ты­жанов. Оқулық дайындауда тағы бір мәселе туындайтыны анық. Автор­ды кім таңдайды? Орталық па, бас­­па­гер ме? «Қазір баспаларға ерік беріп тастады. Баспа өзіне таныс бір мұғалімге тапсырыс береді. Ол мұға­лімнің қандай дәрежедегі тео­риялық білімі бары ескеріле бер­мейді. Сон­дық­тан оқулық дайын­дауды баспаға беру қажет емес. Олардың міндеті – дайын, сапалы кітапты басып шы­ғару. Ал оқу­лықтың мазмұнын ми­нистр­ліктің қарамағындағы меке­мелер мен ға­лымдар анықтауы тиіс. Со­сын қазақ әдебиетінің әдіс­на­ма­сын қалыптастыратын маман­дар­ды даяр­лау қажет», – дейді инсти­тут ди­ректоры. Әр ұлттың мәдени ерекше­лік­тері­не сай оқулықтары да әзір­ленуі керек. Шетел тәжірибесін пай­да­лан­ған дұрыс шығар, бірақ ол көші­ріп алу деген сөз емес. Мате­ма­тика оқу­лығын әдебиет пәні мұ­ғалімі әзір­­лесе не болады? Сол се­бепті әр оқулықты өзі білетін мамандар әзір­легені дұрыс. Әрі ол балалардың жас ерекшеліктерін ескергені жөн. 5-сы­нып­тың бала­сына 11-сыныпта оқитын са­бақты оқыта алмай­тыны­мыз анық. Ал­дағы уақытта министр­лік комис­сия құрып жатса, осы мә­се­ле­лер шет қалмаса екен дейміз.  

ГулзиГүлзина БЕКТАС