Бейжіңде әлемдегі ең ірі әуежай ашылды
Бейжіңде әлемдегі ең ірі әуежай ашылды
5,160
оқылды

Бейжіңде жаңа халықаралық Дасин әуежайы ашылды. Бұл туралы Global Times қытайлық басылымы хабарлайды.

Әуежайдың құрылысына 11 млрд АҚШ доллары көлемінде қаражат жұмсалған. ҚХР-дың құрылғанына 70 жыл толуы қарсаңында ашылған әуежайды ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин 25 қыркүйекте барып көрді.

Бұл әлемдегі ең ірі әуежай саналады, аумағы 700 мың шаршы шақырымды құрайды. Жобасын ирак-британдық сәулетші Захи Хадид жасаған. Халықаралық әуежайлар кеңесінің ақпарынша, Дасин Атланта әуежайынан кейін әлемдегі жолаушыларды көп қабылдай алатын екінші әуежай болмақ. Жылына 130 млн жолаушыны қабылдайды.


Әуежай жолаушыларына билет яки талон ұсынудың қажеті жоқ. Мұнда бет-әлпеті арқылы танитын жаңа жүйе орнатылған. Дасиннің төрт ұшу-қону жолағы мен 150 ұшаққа арналған тұрағы бар. 116 рейс бойынша қызмет көрсетеді – 101 – ішкі, 15 – халықаралық.