Қазір отбасылық кәсіппен екі адам ғана айналысады, шығыны да аз. Өйткені кір сабын жасау үшін тоң май мен сода ғана керек. Негізгі тұтынушылары Жетісай ауданы тұрғындары. Кәсіп иесі сұраныс артып жатса, өнімін өзге облыстарға да жібермек. Осылайша цехті үлкейтіп, қосымша жұмыс орындарын ашпақ ниетте.
Zakon.kz 2020 жылы Жетісай ауданы бойынша жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 559 адам мемлекеттік грант алып, оларға кәсібін ашу үшін 309 млн теңге қаржы берілгенін жазады.
Фото: zakon.kz