180 келілі азамат омыртқасы сынғанын білмей, жүре берген
180 келілі азамат омыртқасы сынғанын білмей, жүре берген
©Сурет интернеттен алынды
107
оқылды
Бұл жайында Mash телеграм-каналы жариялады.
Сыктывкара тұрғыны Максим Мишарин үйіне келісімен өзін жайсыз сезініп, аяғын жансыздана бастаған. Бұл симптомдарды ер азамат шаршап-шалдыққан деп түсінген. Кішкене жантайып демалып алса, «қалпыма келемін» деп ойлаған ол демалыс күндері үйінде болған. Сөйтіп,  дүйсенбіде орнынан тұра алмай қалған. Содан туыстары жедел жәрдем шақыртып еді. Олар оның омыртқа жотасы сынғанын анықтап, ауруханаға жатқызды.
Семіздігінің кесірінен оған томография жасалмады. Ал онсыз дәрігердің емдеуі қиын. Енді оған тек арықтап, салмақ тастауы керек. Сонда ғана дәрігер толығымен тексеріп, емдей алады. Әзірге Максим орнынан тұрмай жатыр. Ал жата бергеннен оның денесі ойылып-ойылып қалған. Сыздап ауырғанын жеңілдету үшін арнайы матрас алуы қажет. Алайда оған ақшасы болмай, отбасы қысылып отыр.