2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауымен үлкен қызығушылықпен таныстым.
Құжатта белгіленген қоғамдық-саяси жүйені жаңғыртудың іргелі қағидатын сақтай отырып, экономикалық реформаларды іске асыру саласындағы кешенді шараларды жоғары бағалаймын.
Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынып отырған мықты президенттік биліктің, парламентаризмді нығайтудың және Үкіметтің тиімді қызметінің теңдестірілген формуласы – тұрақтылықтың негізі, реформалардың табысқа жетуінің және ұзақмерзімді перспективада қоғам өркендеуінің кепілі екеніне сенімдімін.
Жолдаудың ережелерін іске асыру – менің досым, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қойған сыртқы және ішкі саясаттың стратегиялық сабақтастығының айқын көрсеткіші.
Шындық, ашықтық және әділдік қағидаты негізінде халықаралық демократиялық нормаларға толық сәйкес өткен президенттік сайлауда халықаралық бақылаушы ретінде биыл маусым айында Қазақстанға келгеніме қуаныштымын.
Степан МЕСИЧ,
2000-2010 жылдардағы Хорватия президенті
Билік пен қоғам диалогі
«Қазақстан – Хорватия» достық қоғамының мүшелері атынан осы жылдың 9 қыркүйегінде Қазақстан елшілігінде өткен дөңгелек үстел барысында талқыланған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған жаңа бастамаларды құптайтынымды жеткіземін.
Хорватияның Достық қоғамы қауымдастығының басшысы ретінде Қазақстан басшылығының билік пен қоғам диалогін дамыту, азаматтық қоғам институттарын нығайту, азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету, сондай-ақ халықты әлеуметтік қорғау саласында қабылдап жатқан шаралары туралы білу өте қызықты болды.
«Еститін мемлекет» жобасын іске асыру және ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру Қазақстандағы ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған маңызды қадам екеніне сенімдімін.
Хорват-Қазақстан достығы қоғамының қызметі жан-жақты ықпал етіп, елдеріміз арасындағы достық пен ынтымақтастық дәстүрі нығаятынына үмітпен қараймын.
Андрия КАРАФИЛИПОВИЧ,
Хорват достық қоғамы қауымдастығының президенті,
«Хорватия-Қазақстан» достық қоғамының төрағасы