Балық аулап отырып, бозбаланың мәйітін тауып алды

Балық аулап отырып, бозбаланың мәйітін тауып алды

Polisia.kz мәлімдеуінше, бозбаланың мәйіті 11 қыркүйекте табылған.

Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының тұрғыны үш шақырым жердегі көлге балық аулауға барған. Ол көл жағасында жатқан жас жігіттің жансыз денесін тап түсіп,  102-ге хабар берген.
Жедел-тергеу тобы мәйіттің хабар-ошарсыз кеткен 17 жастағы Равиль Абумуслимовтікі екенін анықтады. Қазір сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. [caption id="attachment_71901" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Равиль Абумуслимов биыл 30 тамызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында жоғалып кеткен болатын. Баланың туыстары полицияға жүгініп, уәкілетті органдар мен еріктілер белсенді түрде іздеу жұмыстарын жүргізген.