28 жастағы келіншек Нұр-Сұлтандағы ірі сауда орталықтарынан киім-кешек ұрлап жүрген.
Ол бірнеше киімді таңдап алып, киім өлшейтін жерге кіріп кетеді. Сол жерде ол киімдегі магниттік белгіні алып тастайды. Сөйтіп, киімді сөмкесіне салып, сыртқа шығып кетеді.Келіншек көбіне бала мен ер азаматтың киімін жинаған. Тергеу барсында келіншек ол киімді күйеуі мен баласына алыпты.
Жергілікті полиция бөліміне жеткізілген келіншек қылмысын мойындады. Айғақ ретінде сауда орнынан ұрланған киімдер де сөмкесінен табылды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.[embed]https://youtu.be/M7ukqfCAV2I[/embed]