Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Оқушының киімі үлкен дауға себеп болды

«Білім күні» қарсаңында барлық аудан-қалада ұқсас көрініс орнайды: оқушыларға арналған киім сататын дүкен, базар, сауда орны балалар мен ата-аналарға шүпірлей толады. Бір-бірін кимелей ұмтылған қазақстандықтар өзіне ұнаған және перзентінің бойына шақ келген мектеп формасын алып қалуға асығады. COVID-19 пандемиясы ушыққан шақта осы көріністің қайталануына мемлекет жол бермегені жөн.

«Айқын» ақпарат
Шілде 24, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
okyshi formasi
132
қаралым

Еліміздің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Ес­мағамбетова Білім және ғылым министрлігіне әлгіндей құбы­лыстың белең алуына биыл тос­қауыл қою керек деген ұсыныс жасапты.

Сондықтан БҒМ алда қа­шықтан емес, дәстүрлі формат­та оқитын шағын жинақты мек­тептердегі және кезекші сы­ныптардағы оқушыларды мектеп формасын киюден босатты. Яғни, бұрынғыдай дресс-код жоқ, білім ордасы үшін бекітілген киім үлгісін сақтамаған бала үйіне қуылмайды.

Дегенмен ведомство ата-аналарға жас өскіндерді сабағына аттандырғанда ең құрығанда «іскерлік, классикалық стильді» сақтауға кеңес берді.

Айжан Есмағамбетова Қазақстанда қатаң карантин қашан енгізілетінін айтты

Есмағамбетова қанша оқушы коронавирустан емделіп жатқанын айтты

Санитарлар шеруі: «қолғапша» ауыстырғаннан не ұтамыз?

Бұл жайында 2020 жылғы 13 шілдеде қабылданған Білім және ғылым министрі Асхат Аймағам­бетовтің бұйрығында айтылады. Жаңа құжат 2016 жылғы 14 қаң­тарда, БҒМ-ды Аслан Сәрін­жіпов басқарып тұрған тұста өмірге жолдама алған «Орта бі­лім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» №26 бұйрыққа толықтыру енгізеді.

«Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырғанда, төтенше жағдай енгі­зілгенде, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы тө­тенше жағдайлар, форс-мажор жағдайлары туындағанда тиісін­ше шектеу іс-шаралары алын­ғанға, төтенше жағдай, форс-мажор жағдайлары тоқтатыл­ғанға дейін ата-аналар балаларды орта білім беру ұйымдарына киіп бара алатындай іскерлік, клас­сикалық стильдегі ыңғайлы киім­мен қамтамасыз етеді», – делінген министрдің жаңа бұй­рығында.

Асхат Аймағамбетов бұл қа­дам «Қазақстан мектеп киімінен бас тартты» дегенді білдірмей­тініне назар аудартты.

– 2020-2021 жаңа оқу жы­лын­да міндетті мектеп формасына қатысты талаптар жойылмайды. Яғни, 2016 жылғы №26 бұйрық­тың күші ары қарай сақталады. Дегенмен коронавирус инфек­циясының таралуына байла­нысты министрлік аталған нор­мативтік құқықтық актіге арна­йы тармақ қосты. Оған сәйкес, карантин және шектеу шаралары толық алып тасталғанға дейін балаларға сабаққа таза, клас­сикалық үлгідегі кез келген киімді киіп келуге мүмкіндік бе­ріледі, – дейді министр.

Бір қызығы, құжатта көрсе­тілгендей, егер болашақта Қазақ­станда әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар енгізіле қалса, оқу­шыларға мектеп формасын кимеуге бірден рұқсат етілмек.

okyshi

Бұл жаңалыққа кейбір ата-аналар қуанды. Әйтпесе, Сә­рін­жіпов тұсында қабылданған бұйрық киімді тіпті түсі бойынша шектейтін. Бұдан бөлек, онда: «Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұра­ды» делінген. Жаңа бұйрықта бөксеге жабысып тұратын не­месе балағы қысқа шалбар киюге тыйым көзделмеген. Оқушылар солай киініп барса, мұғалімнің не дейтіні әзірге белгісіз.

Бұл жаңалық бейғам, «бейбіт» заманда да ісі дөңгеленбеген жеңіл өнеркәсіп өкілдерін қа­мықтырды. Олардың айтуынша, мектеп формасын киюді тоқ­тататын бұйрық саланы орасан зор шығынға соқтырады. Отан­дық тігін фабрикалары мен цех­тары көктемнен бері медици­налық бетперде тігумен айна­лысып жатыр. Алайда әр бірлігі 100 теңге айналасында ғана ба­ға­ланатын маска өндірісінің табысы әр жиынтығы 30 мыңнан 80 мың теңгеге дейін баратын мектеп формасының кірісімен салыстыруға келмейді. Сол се­беп­ті кәсіпорындар оқу жылы­ның қашықтан дәстүрлі фор­матқа көшуін асыға күтіпті. Тіп­ті, бірқатары алдын ала тігуге кі­ріс­кен. Салдарынан, енді қой­ма­лары жүздеген миллион тең­генің өтпейтін тауарына толып тұр.

Қазақстанның ішкі нарығы­ның қызығын негізінен Ресей, Қырғыз Республикасы және Өз­бекстаннан мектеп киімін таси­тын импорттаушылар көретін. Ондай бизнесмендер де табыссыз қалатын болды.

Осы орайда, Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп кәсіп­орында­рының қауымдастығы Білім және ғылым министрлігіне хат жазып, жағдайды түсіндіруді сұрады. Кәсіпкерлер мемле­кет­тің ата-аналарды қайтадан мек­теп формасын сатып алуға мін­деттегенін қалайды.

 

Айхан ШӘРІП

 

 

 
Тегтер: Айжан Есмағамбетовамектеп формасыоқушының киімі
Алдыңғы жаңалық

Қашаған қолдан кете ме?

Келесі жаңалық

Бір тәулікте 1 687 адамның коронавирусқа шалдыққаны анықталды

Ұқсас жаңалықтар

ҚазҰУ жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді
Жаңалықтар

ҚазҰУ жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді

Наурыз 5, 2021
әлем чемпионаты
Жаңалықтар

Әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

Наурыз 5, 2021
Түркия, көңіл айту жеделхаты, Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.

Наурыз 5, 2021
Түркістан, Стамбұл, Ақтау, Үргеніш, әуе рейсі
Жаңалықтар

Түркістаннан Стамбұлға тікелей әуе рейсі ашылады

Наурыз 5, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚазҰУ жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді

Наурыз 5, 13:06

Әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

Наурыз 5, 13:00

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.

Наурыз 5, 13:00

Түркістаннан Стамбұлға тікелей әуе рейсі ашылады

Наурыз 5, 12:42

Туристерді тамсандырар нысандар

Наурыз 5, 12:30

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Наурыз 5, 12:11

Қария ата-анасының сүйегін таппай қалды

Наурыз 5, 12:00
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

ҚазҰУ жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді

ҚазҰУ жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді

Наурыз 5, 2021
әлем чемпионаты

Әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

Наурыз 5, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»