Алматы қаласында Олжас Сүлейменов атындағы аллея ашылды.
«Невада-Семей» қозғалысының 30 жылдығына арналған шарада қоғам қайраткерлері, жастар «Атакент» саябағына алма көшеттерін отырғызды.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Байтақ болашақ» экологиялық альянсы Қазақстан бойынша 18 миллион түп ағаш отырғызу жобасын бастаған еді.
Ақынның құрметіне ашылған аллеяға «Жеңімпаздар даңқы», «Шығыс», «Рақат» атты 60 түп алма ағашын отырғызды.