Баспана алу үшін жастар қандай құжаттар тапсыруы тиіс?
Баспана алу үшін жастар қандай құжаттар тапсыруы тиіс?
5,366
оқылды

Қазақстанда жұмыс істейтін 29 жасқа толмаған жастарға тұрғын үйді сатып алу құқығынсыз жалға беру ережесі бекітілді.

Кrisha.kz-тің хабарлауынша, әкімдіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарында құжаттарды тапсыру мерзімі туралы хабарландырулар жариялағаннан кейін үміткерлер мына құжаттарды Жастар саясаты мәселелері басқармасына тапсыру керек:

1. Өтініш.

2. Жеке куәліктің көшірмесі.

3. Дипломның көшірмесі.

4. Неке туралы куәліктің көшірмесі (бар болған жағдайда).

5. Балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесі (бар болған жағдайда).

6. Өтініш беруші және отбасы мүшелерінде жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтама.

7. Жұмыс орнынан анықтама.

8. Соңғы 6 айдағы кірістер туралы анықтама (кірісі кемінде 40 АЕК немесе 101 мың теңге болуы керек).

9. Еңбек өтілін растайтын құжаттар.

10. Банктік шот нөмірі туралы анықтама.

11. Банк шотындағы ақша қаражатының қалдығы мен қозғалысы туралы есеп.

12. Өтініш берушінің жеке жетістіктері туралы құжаттар (бар болған жағдайда).

Құжаттар бес жұмыс күні ішінде тексеріледі. Егер өтініш берушіден барлық анықтамалар жиналмаса, тағы бір күн мүмкіндік беріледі.

Әкімдікте баспана беру туралы шешім қабылданғаннан кейін 15 күнтізбелік күн ішінде еңбек шарты жасалады. Пәтерлер сатып алу құқығынсыз 5 жылға беріледі.