Алматыдағы басты мәселелер назарға алынды
Алматыдағы басты мәселелер назарға алынды
353
оқылды
Біріншісі, «Шетсіз қала» бағдарламасы. Аталған жоба бойынша қала тұрғын­дарының 99%-і ауызсумен қамтамасыз етіледі. Жолдардың сапасы 95%-ке дейін жеткізіледі – 350 км. Жол, 4 көлік айрығы, 6 жол айрығы, 28 бағдаршам нысаны, электр жабдықтары бар 55 жаяу жүргіншілер өткелі және 8 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынады. Қалада 3 саябақ аймағы, 5 жаяу аймақ абаттандырылады және 194 га жер көгалдандырылады. Екіншісі, «Шағын және орта бизнесті да­мыту және жұмыспен қамту» бағдарламасы. Шағын және орта бизнеске жыл сайын мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар («Биз­нестің жол картасы», «Қарапайым заттар экономикасы», «АӨК», Almaty Busi­ness-2025) шеңберінде кемінде 30 млрд теңге несие бөлінеді. Жоба аясында ауданы 100 мың шаршы метр кем дегенде 20 шағын өнеркәсіптік парк ашылады. Сондай-ақ 5 жылда 243,8 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Үшінші, «Өмір сүру жағдайларын жақсарту» бағдарламасы. Бұл бағдарлама бойынша қалада 363,2 мың м2 жалға берілетін тұрғын үй салы­нып, инженерлік-коммуникациялық инфра­құрылым салынады. 250 ескі үйдің тұрғындары жаңа баспанаға көшеді. 80-ге жуық саябақ пен гүлзар қайта жаңартылады. 650 көппәтерлі тұрғын үйде күрделі жөндеу жұмыстары жүр­гізіледі. Төртінші, «Сапалы коммуналдық қызмет­термен қамтамасыз ету» бағдарламасы. Қала тұрғындарының орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін 28 шағынауданда 665 км су құбырының және 573 км канализацияның құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұдан басқа, жалпы қуаты тәулігіне 46 м3 3 су жинау құрылысы салынуда. Қалада жыл сайын 125 км арық желілері мен нөсер кәрізін қайта жаңарту және жаңа құ­рылыс жүргізіледі. Бесінші, «Жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту» бағдарламасы. 4 станса (Сарыарқа және Достық – 2021ж., Қалқаман – 2022ж., «Западный» автовокзалы – 2025ж.) салынады. 2021 жылы тәулігіне 40 мың жолаушыны қамти отырып, жалпы ұзындығы 172,6 км троллейбус желілерін жаң­ғырту және дамыту ісі аяқталады. Қала маңындағы электричкалар ұйымдастырылады және тәулігіне 250 мың жолаушыны қамтитын теміржол инфрақұрылымы дамытылады. Алтыншы, «Экологиялық жағдайды жақ­сарту» бағдарламасы. Бағдарлама аясында ЖЭО-2 экология­ландыру жүзеге асырылады. Қуаттылығы аз және орташа қазандықтарды, 10 нысанды табиғи газға көшіру жөніндегі жұмыстар жалғастырылады. Жеке сектор табиғи газға көшірілетін болады (2 806 үйді ауыстыру қалды). Сондай-ақ қалада апатты қоқыс тастайтын жерлерді жойып, қоқысты 100% шығаруды қамтамасыз етеді. Жетінші, «Әлеуметтік сала» (денсаулық сақтау, білім беру, кедергісіз орта) бағдарламасы. Жоспар бойынша, 16 800 адамға арналған 400 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым ашылады, 3,1 мың орынға арналған 11 мем­лекеттік балабақша салынады. 19-ға жуық медициналық нысан құрылысы салынады. Қалада 8 100 орындық 7 мемлекеттік мектеп салынады, 12 мектеп пен 6 балабақша сейс­микалық күшейтіліп, күрделі жөндеуден өтеді. Жыл сайын 756 мүмкіндігі шектеулі адам спорт саласында қосымша оқудан өтеді. Сонымен қатар 2021 жылы әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы үшін 392 нысан қолжетімді болады. Жыл сайын 240 мың жол жүру жеңілдігі беріледі. Сегізінші, «Бұқаралық спортты және ту­ризмді дамыту» бағдарламасы. Ауқымды бағдарлама жоспарына сай Алатау ауданында жабық және ашық корты бар теннис орталығы салынады. 97 Workout спорт алаңы аулаларда, саябақтарда және гүл­зарларда орнатылады. 200 км-ден астам тау жолдары абаттандырылады. 400 жұмыс орнын құрумен әлемдік деңгейдегі 3 қонақ үй ашу жоспарда тұр. Тоғызыншы, «Қауіпсіз және «ақылды» қала» бағдарламасы.  Бұл бағдарлама бойынша 2021 жылға дейін барлық көше толық жарықтандырылады, аулалар 2023 жылға дейін абаттандырылады. Оныншы, «Жастарға арналған қала» бағдар­ламасы. Аталған бағдарлама аясында 25 ЖОО-да 16 мың орындық 38 жатақхана және кол­­ледждерде 600 орындық 2 жатақхана салынады. Жас отбасылар «Алматы жастары 3.0» төмен пайыздық мөлшерлемесі бар тұрғын үй бағдарламасын, сондай-ақ жұмысшы жас­тарға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасын (2025 жылға дейін 5 250 пәтер) іске асыру арқылы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.  

Әбілмансұр ЖАСАН