Әкімдер ең бірінші халықты жұмыспен қамтуды ойлауы керек – Үкімет басшысы
Әкімдер ең бірінші халықты жұмыспен қамтуды ойлауы керек – Үкімет басшысы
Фото: Интернеттен алынды
238
оқылды
Инвесторларға қажетті жағдай жасап, халықты жұмыспен қамтуды тапсырды.

«Моноқалаларды дамыту керек. Бұл жағынан Қарағанды облысыдағы Саран қаласы жақсы үлгі бола алады. Онда автобустар мен арнайы техника шығаратын ірі жобаны іске асыру басталды. Жалпы, 1000 тұрақты жұмыс орны құрылады. Автобустар мен арнайы техника шығару көлемі жылына 1500 бірлік көлемінде жоспарланған. Бұған қоса жылына 3,5 млн-ға дейін автошина өндіретін жоба қарастырылып жатыр, оның 30 пайызы экспортқа шығару жоспарланған. Бұл тағы да 1 мың жұмыс орны деген сөз», - деді Асқар Мамин.

Премьер-Министрдің айтуынша, Саран қаласына салынатын инвестиция көлемі 150 млрд теңге болатын 160 млрд теңгенің өнімі шығарылады.

«Оған қоса әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымды қалпына келтіру және жаңадан салу басталды. Соның ішінде, үйлер мен әлеуметтік нысандар. Осындай деңгейдегі өндірісті барлық моноқалаларда дамыту қажет. Сондықтан әкімдер инвесторлармен белсенді жұмыс жүргізіп, оларға қажетті жағдай жасауы тиіс, халықты жұмыс орындарымен қамту керек», – деді ол.