Жемқорлықсыз білім
Жемқорлықсыз білім
5,281
оқылды

Nur Otan партиясының жа­нындағы Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңес отырысы өтті. Басты мақсат – қо­ғамда жемқорлықты жою.

Тұңғыш Президент – Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Н.Назарбаев сыбайлас жемқорлықпен күресуді тап­сырғаны белгілі.

Осы орайда, жиынға қа­тыс­қан кеңес мүшелері бі­лім саласындағы сыбайлас жем­қорлық мәселесін шешуді талқылады.

Білім және ғылым ми­нистрі Асхат Аймағамбетов Елбасының білім саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі тапсырмасы орын­далып жатқанын айтты.

– Елбасы білім саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою жөнінде нақты тапсырмалар бер­ді. Біз оны түбірімен жойып қана қоймай, жемқорлықсыз қоғам мәдениетін қалыптастыру мақсаты тұр. Осы мақсатта call-орталықтарды іске қостық. Әлеу­меттік желіде ресми парақ­ша­мызды аштық. Содан бері мнистр­­лікке келетін арыз-ша­ғым, өтініш хат азайды. Себе­бі кейбір азаматтар бірнәр­сені анық­тап білу үшін де хат жі­бе­ретін еді. Қарапайым сауал­дар­ға дер уақытында жауап алып, шешімін тауып жатыр. Қоғам­мен байланыс тетіктерін алда­ғы уақытта да жан-жақ­ты дамытамыз, пилоттық жоба­лар­ды іске асырамыз, – деді Асхат Аймағамбетов.  

Партия Төрағасы жо­ға­ры оқу орындарындағы ем­ти­ханды ақшалай сыйақы ар­қылы тапсыру, студенттік жатақ­ханалардағы орын үшін, басқа да өмірлік маңызы бар проблемаларды шешу үшін пара беруге мәжбүр екенін қатаң сынаған болатын.

Сондай-ақ жиында жұ­мыс тобы Білім және ғы­лым министрлігі, оның ведом­ство­лық ұйымдарында жемқор­лық­қа қарсы іс-қимыл бойынша атқарған жұмысын саралады. Сонымен бірге, сыбайлас жем­қорлық фактілері көп тіркелген Шығыс Қазақстан облысының білім саласының мәселесін талқылады.

Бұл мәселе бойынша Қауіп­сіздік кеңесі алдағы уақытта жүйелі жұмыс жүргізеді.