Алматы қаласының полиция бөліміне жеткізілген спортшының видеожазбасын Ішкі істер министрлігі заңбұзушылық деп атап өтті.
– Спортшы Қуат Хамитовтың авторлығындағы видеоға пікір білдіре кетейін. Ол зорлық-зомбылыққа шақыратын үндеу жасап, оны видеоға түсіпі, әлеуметтік желілердің біріндегі өзінің парақшасында жариялады. Бұл - тікелей заңбұзушылық және қылмыстық құқықбұзушылық. Ішкі істер министрлігі азаматтарды біле тұра жалған ақпарат таратпауға шақырады. Тек мемлекеттік органдардың ресми мәліметтеріне сенуі керек. Заңды бұзған жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын әрдайым есте сақтау қажет, – деді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.