Әділдікті ту еткен
Әділдікті ту еткен
241
оқылды

Қуанышбай Қыдыр­бай­ұ­лы­ның көпке үлгі болар­лық ісі бар. Ол дана билері­міз ұстан­ған дара жолда таразы басын тең ұстап, әділ­дік жолында кү­ресуін тоқ­тат­паған.

Еңбек жолын өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастаған ол, сот жүйесінде 40 жыл тер төкті. Екі дәуірдің көзін көрген сот ардагері Қуанышбай Қыдырбайұлы 1969 жылы Қазақ мемлекеттік уни­­­вер­си­тетінің Заң факульте­ті­нен білім алған. Оқудан кейін Талдықорған облыстық сотының мүшесі болып сот жүйесіндегі өз еңбек жолын бастаған. Өзінің іскерлігімен, сауаттылығымен, жүк­телген мін­дет­терді ұқыпты да жауап­кер­ші­лікпен дер кезінде орын­­дауы­мен ерекшеленіп, на­зар­ға ілінген. 1978-1985 жыл­да­ры аталған сот төра­ғасының орын­ба­сары қызме­тін атқарды.

Әкенің қанымен, ананың ақ сүтімен дарыған адамгершілік қасие­ті, өзі таңдаған кәсібіне де­ген адалдық, сот жүйесіне аян­бай еңбек ету Қуанышбай Қыдыр­байұлының өмірлік мұраты бол­ды. Азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғаудағы ай­қын істері мен батыл қадам­да­ры­ның арқасында Орал облыстық сот­тың абыройын республикаға емес, бүкіл КСРО аймағына көте­ріп салды. Ол кісінің тұла бойын­дағы адамгершілік, кішіпейілдік, парасаттылық, батылдық қасиет­тер айналасындағы адамдарды тәнті етпей қоймайды. Сот про­цесі болғандықтан, бір тарап жеңіп, бір тарап жеңілетіні аян. Соған қарамастан, елдің алғысын алып, КСРО Әділет министрлігі «Ерен еңбегі үшін» медалі берілді.

Қуанышбай Қыдырбайұлы қызметінің негізгі кезеңі кеңестік билік тұсында өтті. Оның айтуын­ша, ол кезде жұмыс қиын. Барлық мән-жай қолмен жазылып алына­ды. Ал оған қаншама уақыт кете­ті­ні белгілі. «Әр елдің заңы басқа» демекші, әр дәуірдің де өз ерек­шелігі болады. Кеңес дәуіріндегі соттың басты айырмашылығы қаралатын істің дәл бүгінгідей көп болмағаны екен. «Бұрынғы Талдықорған облыстық сотында жүргенімде, азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі екі алқада іс қарай­тын­дар өзіне тие­сі­лі саласы бойынша маман­дан­дырылатын. Ал нарық заңына байланысты, бүгінгі күні сала көбей­ді. Экономикалық, әкім­ші­лік, жасөспірімдер, қылмыстық, қаржылық, азаматтық деген секіл­ді мамандандырылған сот­тар саны артты. Соттың бірінші мін­деті істі сапалы қарау десек, ол негізінен судьяның жеке басына, азаматтығына, ұстанған ұста-нымына байланысты» дейді ол.

Нақты істерді қараудағы прин­­ципшілдігі, еліміздің еге­мен­дік алған кезінен бастап сот жұмысын жақсартып, реформалау ісіне қатысып, Жоғарғы сот плену­мының отырысында өз ойын батыл да өткір айтқан жан. реформа бағыттарының бірі – сот өндірісін мемлекеттік тіл, қа­зақ тілінде жүргізу керегі тура­лы заң талаптарын талқы­лау­да «қазақ тілін қажеттілікке айнал­дыру керек, біз егемен ел болдық» деген пікірінен таймаған. Қазақ­стан­дағы сот-құқықтық рефор­ма­сын жүзеге асыру барысында Төрелік соттар мен шаруашылық істер жөніндегі сот алқаларын жалпы соттармен біріктіру, алғаш рет мамандандырылған ауданара­лық экономикалық соттар құру жөнінде батыл қадамдар жасал­ған. Сот тарихынан белгілі бұрын қыл­мыстық, азаматтық, әкім­ші­лік істер бір қазанда қайнап, сот істің барлық түрін қарай беретін. Оның бәрін қарау, жан-жақты сараптау, тиісті заңына сәйкес шешім шығару қиындық тудыр­ған. Жұмысты жеңілдету мақса­тын­­да мамандандырылған сот­тар­ды құруға осылай себі тиген.

Реформа бағыттарының бірі – сот өндірісін мемлекеттік тіл, қа­зақ тілінде жүргізу керегі тура­лы заң талаптарын талқы­лау­да «қазақ тілін қажеттілікке айнал­дыру керек, біз егемен ел болдық» деген пікірінен таймаған. 


Нәтижелі еңбегінің арқасында 1985-1995 жылдар аралығында Қуаныш Қыдырбайұлының қыз­меті жоғарылады. Сол кездерде Батыс Қазақстан облыстық соты­ның төрағасы, Республика­лық төрелік сотының төрағасы қыз­мет­терін абыроймен атқарды. Осы адал еңбегінің арқасында талай қызмет белестеріне көтеріл­ді. Оның ішінде Қазақстан Жо­ғар­ғы сотының судьясы, Алматы қалалық арбитражды сотының төрағасы, Алматы облыстық және қалалық соттарының шаруашы­лық істері жөніндегі сот алқа­ла­ры­­ның төрағасы, Алматы қаласы ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотының төрағасы лауазымдарына ие болды.

Еңбектің өтеуі деген осы шы­ғар. Қуанышбай Қыдырбайұлы тәуелсіздік жылдары экономи­ка­лық сотты құруға, оның жұмысын жолға қоюға қосқан үлесі үшін Президент тарапынан да «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапат­тал­ды. Қазақстан Жоғарғы соты­ның «Үш би» төсбелгісін, КСРО Әділет министрлігінің «Жұмыс­тағы табысы үшін» медалі, Даңқ ордені, Кеңес прокуратурасының ордені зейнеткерлік демалысқа шыққан соң «Құрметті судья», «Сот жүйесінің ардагері» атағын иеленді. Еңбек жолында сот сала­сына келген жастарды қамқор­лы­ғына алып, ақыл-кеңесін бе­ріп, судья ретінде нық қадам ба­суы­на зор септігін тигізді. Содан болар бүгінде Қуанышбай Қы­дыр­­байұлының шәкірттері деп ауыз толтырып айтуға бола­тын жандар көп. Себебі шәкірттерінің әрқайсысы үлгілі тұлғаға айна­лып, елдің алдында жүрген аза­мат­тар. Мәселен, Мұхтар Сма­ғұлов, Ерлан Айтжанов, Бақыт Мәліктегі және т.б.

Бүгінде Қуанышбай Қыдыр­байұ­лының жолын қуып, құқық саласына келген ұл-қыздары, інілері бар. Мәселен, Болат есімді інісі Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетін үздік дипломмен бітіріп, біраз жыл құқық қорғау органында тергеуші болған. Кейін іскерлік салаға бет бұрып, бағытын өзгертті. Қызы Айгүл де сот саласында қызмет етуде. Жо­ға­ры оқу орнын үздік бітірген ол Алматы облысының арбитраж­ды сотында еңбек жолын баста­ған. Қылмыстық, азаматтық, әкімші­лік және қаржылық істерді қара­ған қызы қазір Жоғарғы соттың судьясы болып қызмет етуде.

– Ешқандай әттеген-айым жоқ. Өмірде, жұмыста ешнәрсеге өкінген жан емеспін. Қызметте белгілі бір орынға бара алмай қалдым, мынаны жасай алмадым, қолым жетпеді деген ренішім жоқ. Аллаға шүкір, төрт балам, олардан көрген 18 немерем бар. Тәубе ететінім, бәрі де өмірден өз жолдарын тапқан, қалыптасқан жандар. Бастысы, сүйікті істері­мен айналысады. Отбасыларында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Неме­релерге қарап қуанасың, олар­ды бөле-жарған емеспін, бәрін де бірдей жақсы көремін, – дейді ол.

Әрине, бір мақалада Қуаныш­бай Қыдырбайұлының бүкіл ғұ­мыр жолын, жеткен жетістік­те­рін, өткен белестерін, өмірдегі қиындығы мен қуанышын толық қамту мүмкін емес. Біздің кейіп­ке­рімізді қазір жас толқынның үлкендердің сөзін тыңдаудан, сөзге тоқтаудан қалып бара жат­қа­ны қынжылтады. Жастары­мыз­дың үлкенге ізеті, кішіге құр­­меті жоғалмаса деп тілейді. «Келешек-жастардың қолында! Біз жастарға үміт артамыз. Елдің үміті – солар. Қоғамымыз дамып, еліміздің ынтымақ-бірлігі арта бер­сін» дейді Қуанышбай Қыдыр­байұлы.