34 жолаушысы бар автобус өртеніп кетті
34 жолаушысы бар автобус өртеніп кетті
195
оқылды

Көлік түгелімен жанып кеткен.

Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы тас жолда жолаушылары бар автобус өртеніп кетті. ҚР ІІМ ТЖК хабарлады.

Оқиға 27-қыркүйек күні кешке болған. Сарыағаштан оңтүстік астанаға бағыт алған автобус, Алматы – Термез тас жолының 597 шақырымында өртенген.

Салонда 34 жолаушы болған. Өрт сөндіру қызметкерлері келгенше жолаушылар өз бетімен эвакуацияланған. Төтенше жағдай барысында ешкім зардап шекпеген.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жалынды тез сөндірген.

Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.