Зайнутдинов "Ростов" сапындағы алғашқы голын соқты (видео)
Зайнутдинов "Ростов" сапындағы алғашқы голын соқты (видео)
159
оқылды

21 жастағы қазақстандық шабуылшы ресейлік клуб сапында қаңтар айынан бері ойнайды

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Бақтиер Зайнутдинов «Ростов» сапындағы алғашқы голын салды.

«Ростов» өз алаңында мәскеулік «Динамоны» қабылдап, 3:0 есебімен жеңіске жеткен. 25 минутта Ивелин Попов есеп ашса, 37 минутта команданың бомбардирі Элдор Шомуродов мергендікпен көзге түскен. Кездесу нүктесін Зайнутдинов қойды. Ол 82 минутта қарсылас қақпасынан саңылау тапқан.

Осы жеңістен кейін «Ростов» 23 ұпаймен турнир кестесінің екінші сатысына тұрақтады. Бірінші орында бір матч кем ойнаған «Зенит» келе жатыр.

Бұл Зайнутдиновтың Ресей премьер-лигасындағы осы маусымдағы алғашқы матчы. Осыған дейін 25 қыркүйек күні Ресей кубогы аясында «Мордовияға» қарсы ойнаған еді.

21 жастағы қазақстандық шабуылшы ресейлік клуб сапында қаңтар айынан бері ойнайды. Ол осыған дейін 12 ресми матчқа қатысты.

Ол туралы команданың бас бапкері Валерий Карпин пікір білдірген.

«Ол мықты ойнады, доп үшін тарыста өзін жақсы көрсетті. Ол жақсы деңгейдегі ойыншы» дейді бас бапкер. 

https://youtu.be/GG-VYbg-i9E