Тұмауға қарсы тегін вакцина қашан салынады?
Тұмауға қарсы тегін вакцина қашан салынады?
274
оқылды

Ақмола облыстық тауар мен қызмет сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, 1 қазаннан бастап Ақмола облысында тұмауға қарсы екпе салына бастайды.

Тұмауға қарсы иммундық шараларды жүргізу үшін облыс аумағында 364 арнайы кабинет дайын. Тегін салу үшін 73 860 вакцина дайын тұр. Жалпы, 9000 екпе сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 7 миллион 830 мың теңге бөлінген. Департаменттің мәліметінше, «Гриппол плюс» вакцинасының құрамында алдағы эпидемия маусымында жұғуы мүмкін А және В типті тұмау вирустарының инактивацияланған антигені бар. Тұмауға қарсы екпе алу үшін әр адам өзі тіркелген медициналық мекемеге жүгінуі керек».

Тұмауға қарсы екпені медицина қызметкерлері, 2-3 триместрдегі жүкті әйелдер, созылмалы аурумен диспансерлік есепте тұрған балалар мен ересектер, туғанына 6 айдан асқан жиі ауыратын нәрестелер, жабық мекемелер контингенті ала алады.