Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтстің әкесі Уильям Гейтс 94 жасында бақилық болды, – деп жазады 24.kz. Әкесінің қазасы жайлы Билл Гейтс өз парақшасында жазған.
New York Times басылымының мәліметінше, Уильям Гейтстің қазасына Альцгеймер ауруы себеп болған көрінеді.«Кеше әкем туған-туыстың ортасында қайтыс болды. Оған деген сағынышты сөзбен жеткізу мүмкін емес. Қайғыдан қабырғамыз қайысып отыр. Әкеме алғысым шексіз. Осы уақытқа дейін әкем қасымызда болды, оның ақыл-кеңесін естіп өстік. Сондықтан өзімді өмірде жолы болғандардың қатарына қосамын, – деп жазды Билл Гейтс.