Данэлия Төлешова Америкадағы таланттар шоуының жартылай финалында өнер көрсетті

Данэлия Төлешова Америкадағы таланттар шоуының жартылай финалында өнер көрсетті

Қазақстандық 14 жастағы Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының жартылай финалында өнер көрсетті. Танымал шоу NBC телеарнасының тікелей эфирінде көрестілді. Данэлия Төлешова британдық танымал әншінің Jessie J Who you are әнін орындады.

«Қарсыластарым мықты болғандықтан қатты қобалжып тұрмын. Финалда өнер көрсеткім келеді», – деді Данэлия Төлешова.