Праймеризге қатысушылар сайлауалды бағдарламасын таныстырды
Праймеризге қатысушылар сайлауалды бағдарламасын таныстырды
5,169
оқылды
Көкшетаулық праймеризге қатысушылар облыс орталығындағы ТЭЦ салу мәселесін, электр қуаты бағасының қымбат екендігін, таза ауыз судың жоқтығын айтып, оның нақты шешімдерін ұсынды.   Бүгін праймеризге қатысушылар арасында өткен дебат кезінде әр кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Мәселен, жұмысшы мамандығына деген тапшылық жайы айтылды. Қала ішіндегі автобустарға кәсіби жүргізушілер жетіспейтіндігін, аула ішіндегі балалар ойын алаңына күрделі жөндеу жүргізу керектігін айтты. Жалпы, Көкшетау қаласы республика бойынша электр қуатына төленетін жоғарғы тарифімен және  әр пәтерде су жылытатын арнайы аристондардың орнатылғандығымен ерекшеленеді. Бірнеше жылдарға созылып кеткен ТЭЦ салу мәселесі әлі де шешімін тапқан емес. Праймеризге қатысушылардың дені үгіт-насихат жұмыстары кезінде сайлаушылармен кездесіп, олардың ұсыныс –пікірлерін өз сайлауалды бағдарламасына енгізген.  width= Дебат соңында сөз алған «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов праймериздің мақсаты мен міндетін түсіндірді. «Әр кандидат ұсыныс айтып ғана қоймай, мәселені шешу жолдарын да ұсынуы тиіс. Праймериздің мақсаты- әділдікті басшылыққа ала отырып, шынайы таңдау жасау. Бұл - тың ұсыныстар мен жаңа ойлардың іріктеліп, қоғам қазанында қайнаған мықтыларға өз жоба-жоспарын жүзеге асыруға берілетін әділетті жолдама»,- деп пікірін білдіріп, праймеризге қатысушыларға сәттілік тіледі. Жалпы Көкшетау қаласы бойынша 93 праймеризге қатысушы 19 дебат алаңында кездеспек.