ЕАЭО елдерімен салыстырғанда, Қазақстанда азық-түлік қымбат
ЕАЭО елдерімен салыстырғанда, Қазақстанда азық-түлік қымбат
221
оқылды

Биыл азық-түлік бағасы біршама қымбаттады. Energyprom.kz-тің хабарлауынша, қыркүйекте қырыққабат пен қияр бағасы тамызбен салыстырғанда 15 пайызға өсті. Сарымсақ 7,3%, бұршақ 1,7%-ға қымбаттаған.

Пияз, сәбіз, қызылша, картоп біршама арзандаған. Жаңа піскен қызанақ бағасы 1,4%-ға арзандағанмен, қысқа қарай оның бағасы бағасы қымбаттайды.

Жемістер арасында апельсин қымбаттады, банан арзандады.

Салыстыра кетсек, биыл тамызда Қазақстанда тауарлар мен қызметтердің бағасы былтырмен салыстырғанда 5,5%-ға өскен. Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметінше, Қазақстанда бір жыл ішінде баға 5,7%-ға өскен. Ресейде тұтыну бағасы бір жылда 4,3%, Қырғызстанда — 2%, Арменияда — 0,6%-ға өскен. Қазақстан азық-түлік тауарларына бағаның өсуі бойынша ЕАЭО-ның барлық елдерінен жоғары, яғни 9%-ға өскен. Айталық, Ресейде сегменттегі өсім — 5%, Беларусьте — 6,2%, Қырғызстанда — 3,7%, Арменияда — 0,2%.