700-ден астам іс-шара ұйымдастырылды
700-ден астам іс-шара ұйымдастырылды
127
оқылды
Жалпы, Түркістан облысында праймериздің үгіт-насихат кезеңі басталғалы, яғни 7-16 қыркүйек аралығында 724 іс-шара ұйым­дастырылған. Оған 15 мыңнан астам адам қатысқан. Оның басым бөлігі ауыл тұрғындары. Сондай-ақ 650-ден астам іс-шара онлайн режимінде өткізілген. Праймеризге тіркелген 1 144 үміткердің 1 077-сі үгіт-насихат кезеңіне атсалысып, кездесулерге келді. Бастауыш партия ұйым­дарында 338 кездесу өткізіліп, оған 10 397 адам қатысты. «Есіктен-есікке» акция­сына 264 кандидат қатысып, 1 761 адамды қамтыған. Тағы бір айта кетерлігі, Түркістан облысында жүріп жатқан праймериз кезінде карантин шаралары да ережеге сай сақталуда. Бұдан бөлек, «Праймериз» ақпараттық жүйесіне 206 сілтеме, әлеуметтік желілерге праймериз туралы мыңнан астам пост жарияланған.  

Әбілмансұр ЖАСАН