Денсаулық сақтау министрлігі кімді алдап жүр?
Денсаулық сақтау министрлігі кімді алдап жүр?
Фото: Интернеттен алынды
279
оқылды
Оған «маусым мен шілде айы аралығында коронавирус пен пневмониядан 24 мыңдай науқас қайтыс болған» деген хабардың әлеуметтік желі арқылы тарауы себеп болып отыр, – деп жазады AstanaTV.
Бұдан бөлек, індеттің ресми статистикасы да күдік тудырады. COVID-19 бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайты жариялаған мәлімет бойынша көктемнен бері 137 мың қазақстандық коронавирус жұқтырып, 2 мыңдай адамның қайтыс болғаны көрсетілген. Бірақ Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратта ондаған мың адам бойынша айырмашылық байқалады. COVID-19 расталмаған, бірақ індет белгілері бар пневмонияның сандық мәліметінен де дау шықты. 1 тамыздан – 13 қыркүйекке дейін 7 мыңға жуық науқас емделіп шықса, келесі күнгі ақпаратта жазылғандар саны 26 мыңға жеткені хабарланды. Артынша, мұны ведомстваның ресми өкілі жоққа шығарды. Алайда, әлгі қате статистика өзгеріссіз қала берді.

Министрлік мәлімдемесінде: «Коронавирустық инфекцияның диагнозы анықталмаған статистикада сауығу нәтижесінің өсуі емдеу мекемелеріндегі,  үйдегі науқастарды есепке алуға байланысты болды.  Барлық өтініштер мен коронавирустық инфекцияның барлық емделген жағдайлары есептелді» делінген.

Министрліктің соңғы мәліметі бойынша қазіргі таңда 4 мыңға жуық адам коронавируспен ауырып жатыр. Науқастардың 95 пайызы жазылып шыққан. Стационарларда COVID-19 анықталған  2 202 науқас жатыр. 1 714 адам амбулаториялық жағдайда ем алып жатыр. Пациенттердің арасында 35 бала бар. Ауруханада жатқан 115 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 18 науқастың хәлі мүшкіл.