30 қыркүйек Францияда бұрынғы ел президенті Шак Жиракпен қоштасу рәсімі өтті. Ол 26 қыркүйекте 86 жасында өмірден озды.
Парижде өткен қоштасу рәсіміне ел президенті Эммануель Макрон қатысты. Қаралы жиынға шамамен 80-ге жуық шетелдік лидерлер келді, олардың қатарында РФ мен Грузия басшылары бар. Владимир Путин Эммануель Макронмен қысқа кездесу өткізді. Жерлеу рәсіміне сондай-ақ АҚШ-тың экс президенті Билл Клинтон келді.
30 қыркүйек дүйсенбі Францияда қаралы күн деп жарияланды.
Жак Ширак 1995 жылдан 2007 жылға дейін Франция президенті болды. Бұдан өзге ол екі рет премьер-министр, 18 жыл Париждің мэрі болған еді.
Францияның бесінші президенті Монпарнас қабіріне жерленді.