Жылыту маусымына 15,9 миллиард теңге
Жылыту маусымына 15,9 миллиард теңге
128
оқылды
Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық ша­руа­шылық басқармасының мә­ліметтері бойынша, жылыту мау­сымының жұмысын үздік­сіз жүргізу үшін орталық 35  қазандыққа күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізілуде. Жөндеу жұмыстары 91%-ке аяқталған. Барлығы жоспарға сай болса, алдағы қазанның 145-не дейін түгел әзір болады. Басты назар бюджеттік сала нысандарында төтенше жағдайлар туындап қалмауына аударылуда. Қазіргі кезде осы салада   2 002 нысанды қысқа дайындалуда. Олардың 1 072-сі білім беру, 592-сі денсаулық сақтау және 338-і әлеуметтік нысан. Орталық қазандықтарды ке­ңейту және ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша Көксу ау­данындағы Балпық би ауылына «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 256,5 миллион теңге бө­лін­ді. Ескелді ауданының орталығы Қарабұлақ кенті, Қараталдың орталығы Үштөбе, Сарқан қала­ларына «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы ая­сында 223,2 миллион теңге қарастырылған. Сондай-ақ Ес­кел­ді ауданы мен Қапшағай қа­ласында 8,2 шақырым жылу желілерін қайта  төсеу және салу бойынша 4 жобаны іске асыруға 1,24 миллиард теңге бөлінген. Оның 1,06 миллиард теңгесі рес­пуб­ликалық бюджеттен, 176,4 мил­лионы жергілікті бюджеттен. Қазандықтарды газ жүйесіне кө­шіру жұмыстары бойынша облыс­тың 4 Ескелді ауданында – 1, Тал­дықорған қаласында – 2,  Қап­шағай қаласындағы 1 қазандыққа 3,3 мил­лиард теңге бөлінді. «Жұмыспен қам­тудың жол картасы» бағдарламасы аясында 3 жоба жүзеге асырылуда. Энергетикалық компаниялар үшін қалыпты отын қорының қа­лып­тасқанын ерекше атап өту­ге болады. Биыл барлығы 379,5 мың тонна көмір сатып алу жос­парланса, оның 142,4 мың тон­насы бюджет есебінен алына­ды. Сонымен бірге 35,1 мың тонна ма­зут сатып алынады. Оның 21,5 мың тоннасы бюджет есебінен қаржы­ландырылмақ.  

Болат АБАҒАН, Алматы облысы