Алматыда жаяу адамды қағып өлтірген троллейбус жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты
Алматыда жаяу адамды қағып өлтірген троллейбус жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты
© Сурет ғаламтордан
304
оқылды
Алматыда жаяу жүргіншіні қағып өлтірген троллейбус жүргізушісіне сот үкімі шықты. Бостандық ауданының №2 сотында троллейбус жүргізушісі Щепин атты азаматқа қатысты іс қаралды. Оған жол ережесін бұзып, абайсызда кісі өлтіру айыбы тағылған. Қылмыстық іс онлайн режимде қаралды. Сот процесі кезінде айыпталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты. Мемлекеттік айыптаушы жүргізушіні 2,5 жылға бас бостандығынан айыруды өтінді. Сот үкімімен Щепин ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабы 3-бөлімі бойынша айыпты деп танылып, 2,5 жылға сотталды. Ол жазасын қауіпсіздігі төмен мекемеде өтейді. Сондай-ақ жәбірленуші тарапқа «Алматыэлектротранс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2 877 704 теңге көлемінде материалдық өтемақы төлеуі тиіс. Ал моральдық зиян келтіргені үшін 3 млн теңге төленеді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.