835 кәсіпорын жұмысшыларға жалақы төлемеген
835 кәсіпорын жұмысшыларға жалақы төлемеген
123
оқылды
Бұл жайында Нұрымбетов Премьер-Министрдің орын­басары Ералы Тоғжановтың төрағалық етуімен бейне­конференция режимінде өткен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынас­тарын реттеу жөніндегі рес­публикалық үшжақты комис­сияның отырысында мәлім­деді. Еңбек инспекторлары қабыл­даған шара нәтижесінде 24,5 мыңнан астам жұмыс­шының құқығы қорғалып, оларға 2,55 млрд теңге тө­ленген. «Қазір жалпы берешек 915 млн теңгені құрайды. Жыл басынан бері бұл сома 35,5%-ға немесе 505 млн теңгеге азайған. Ең көп берешек Алматы, Қостанай және Түркістан облыстарына тиесілі. Бере­шекке жол берген кәсіп­орын басшыларына 492 нұсқама шыға­рылып, 68,5 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды. 6 кәсіпорын басшыларына қатысты жалақыны бірнеше рет кешіктіргені үшін қыл­мыс­тық іс қозғалды», – деді Еңбек және халықты әлеумет­тік қорғау министрі Б.Нұ­рым­бетов. Сонымен қатар министр Еңбек кодексіне жұмыс беру­шінің жалақы төлеуі туралы жаңа нұсқа енгі­зіл­генін, бұл құжаттың күшінде екенін айтты. Оның айтуынша, атал­ған құжат жалақы бере­шегін төлеу тиімділігін артты­руға көмектеседі.  

Айбике ЖАНАСЫЛ