Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы Алматыға келді

Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы Алматыға келді

Ол Альвареспен бір промоутерлік орталықта жұдырықтаспақ

Бірінші жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев Алматыға келді.

Карьерасында 17 кездесу өткізіп, соның барлығында жеңіске жеткен Батырды әуежайда көптеген жанкүйерлер қарсы алды. Олар боксшыға әсем әндері мен қолдау-қолпаштарын арнаған. Спортшы жанкүйерлермен суретке түсіп, оларға алғысын білдірді.

Ресейлік боксшылар әлем чемпионаты кезінде ішіп алып шу шығарды

Еске салсақ, ол 26 қыркүйек күні мексикалық Мигель Васкеспен кездесіп, жеңіске жетті. Осылайша, WBA Continental және IBF Inter-Continental белдіктерін иеленді.

Өз кезегінде боксшы журналистер сауалдарына да жауап беріп үлгерген.

Арман Оспанов ресейлік спортшымен жекпе-жекке шығып ауыр нокаутқа түсіп қалды (видео)

«Соңғы жекпе-жекті қиынға соқты дей алмаймын, дегенмен маңызды кездесу болғаны рас. Мен бұған жаңа бапкермен дайындалдым. Дайындық кезеңі өте ауыр болды. Бапкерім көрсеткен жоспарды орындап шықтым. Барлық раундта жеңіске жеткім келді. Осы кездесу арқылы үлкен жекпе-жектерге дайын екенімді көрсете алдым. Алда жаңа арена, жаңа қарсыластар күтіп тұр.

Қазір көп нәрсе промоутерге байланысты. Ол менің АҚШ-та жұдырықтасуымды қалады. Жақын арада Golden Boy-мен келіссөздер басталуы тиіс. Үлкен жаңалықтар күтіңіздер.

"Өзімді ұлы чемпион сезінемін": Головкин Деревянченконы қалай жеңетінін айтып берді

Мақсатым – әлем чемпионы атану. Өз есімімді тарихта қалдырғым келеді» дейді Батыр.