Еден жуушы әйел аудан әкімі болды
Еден жуушы әйел аудан әкімі болды
©А.Ахметқазы
236
оқылды
YK-news.kz хабарлауынша, Тамара Рахымжанова осыдан екі күн бұрын Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданының жаңа әкімі болды.
Тамара Рахымжанова 1978 жылы Өскемен қаласында дүниеге келіп, өз еңбек жолын 2001 жылы өнеркәсіптік мекемелердің өндіріс нысандарында еден жуушы болып бастаған. 2006 жылы ол Алматы қаласындағы экономика және статистика академиясында «Персоналды басқару» мамандығы бойынша диплом алды. 2014-2016 жылдар аралығында туған қаласында «Өскемен-тазалық» ЖШС директоры болып қызмет атқарды. 2016-2019 жылдарда «Өскемен-тәртіп» КМК басшысы болып жұмыс істеді.