Елге танымал ауыр атлет және қазіргі Қызылордадағы Мұз сарайының директоры Илья Ильин екінші рет үйленуге дайын екенін айтты.
«Әлі жаспын, әйелім мен балаларым болғанын қалаймын. Әзірге жүрек қалауымды таппадым, сондықтан іздеудемін», - деді Илья Ильин.
Оның айтуынша, оған нәзік жанды әрі батыл, қайсар арулар ұнайды.
«Шынымды айтсам, шынайы махаббатпен үйленгім келеді. Оны бір көргеннен жүрегім тулап кететін шығар... Бастысы тамағын пісіре алатын, үй шаруасына бейім, ортаның адамы болғанын қалаймын», – дейді ол.
Естеріңізге салсақ, Илья бұрынғы әйелі, гандболшы Наталья Кулаковамен ажырасып кеткен. Олардың Милана деген қызы бар. Ол анасымен бірге тұрады.
https://www.youtube.com/watch?v=oxdj6hMhrog&ab_channel=%D0%A8%D0%B0%D0%BF%D0%B0SHOW