Алдағы екі-үш күнде ауа райы күрт суытып, қар жауады.
«Алдағы үш күнде ауа температурасы төмендеп, жаңбыр жаууы мүмкін. Еліміздің солтүстігінде аптаның ортасында жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін. Тек республиканың батысында ғана күн ашық болады» делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін «Қазгидромет» 10 өңірде күннің суытуына байланысты ескерту жариялаған болатын.