Үш арысқа қандай ескерткіш қойған жөн?
Үш арысқа қандай ескерткіш қойған жөн?
445
оқылды

Нұр-Сұлтанда үш арыс – Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жан­сү­гіров, Бейімбет Майлинге арнап ескерткіш қойылады.

«Менің тілім – ұлы дала рухы» атты қалалық тіл фестивалінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орын­басары Бақтияр Мәкен: «Абайдың 175 жылдық мерей­то­йына арналған шаралар басталды. Соның аясында тұңғыш рет ас­танада №87 Абай атындағы мек­тепті аштық. Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай, оның есімін Оқу­шылар сарайына беру жос­пар­ланған. Биыл Жазушылардың халықаралық жиыны өтті. Соның аясында Абай даңғылында Жазу­шылар аллеясы ашылды. Сол жерде үш арыс — Сәкен Сей­фул­лин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына орай ескерткіш орнатылады. Тұлға­лар­ды ұлықтау үшін білім-ғылым ошақ­тарына белгілі қайрат­кер­лердің есімін беруді жалғасты­рамыз» деді.

Осы орайда, бас қалада «әде­биет алыптарына ескерткіш орна­­тылса, қандай болуы керек?» де­ген мәселеге қатысты әдебиет зерт­теушісі Елдос Тоқтарбайдың пікірін білген едік.

– Үшеуі де бір жылы туып, бір жылы қайтыс болған арыс­тар­дың ескерткіші әдеби-ком­­пози­ц­ия­лық тұрғыдан ерек­ше бол­ғаны жөн деп са­най­­­мын. Әр­қайсысының шығар­ма­­шы­лық келбетін аша түссе дей­мін. Ілияс көзәйнек тақ­паса, се­бе­бі ол өмірде көзәйнекті сән үшін таққан. Үшеуі өлең оқып, сұх­бат­тасып, сырласып отыр­­­ғандай кейіпте болса екен. Қы­зылорда қаласында Әбділда Тәжібаев, Зейнолла Шүкіров, Қал­тай Мұхамед­жановқа үшеуі дөң­ге­лек үстелдің басында әңгі­ме­ле­сіп отырған ескерткіш орна­тыл­ған. Осы ескерткіштің дәл көшір­­месін жуырда Қарқаралыда Әлихан Бөкейхан, Ахмет Бай­тұр­сынов, Әлімхан Ермеков үшеуіне қайталап қоя салды. Үш арысқа да дәл солай қайталамай, жаңаша үлгіде болғаны жөн. Бәлкім, үше­уі­нің де шығармашылығындағы ортақ дүние – Көкшетаудың бау­райында отырғандай болса да жарар еді. Меніңше, архитек­ту­ралық композицияны жетілдіру керек. Оң жағалауда Сәкен Сей­фуллиннің ескерткіші, Бейімбет­тің көшесі бар, үшеуі бірге отыр­ған ескерткіш сол жағалауда қа­ланың қақ ортасында орна­ласса, дұрыс болар еді. Бізде тұл­ғалардың мерейтойын нау­қан­дық, күнтіз­белік іс-шара­ға айналдырып жіберген. Мәсе­лен, республика­лық Сәкен оқу­­­лары, Ілияс оқу­лары бар. Бейім­бет­тің атында жоқ. Оның да шы­ғар­машылығына осындай насихат керек. Сәкен мен Ілияс­тың атында университет пен кітапхана бар. Бейімбетте түк жоқ еді, жуырда Қостанайда аудан­ның атын берді. Одан бө­лек, Қостанайда Бейімбетке кітап­хана, оқу орнының атын берсе деген ойым бар.