Эммануель Макрон Қазақстанға келеді
Эммануель Макрон Қазақстанға келеді
153
оқылды

Франция президенті Эммануель Макрон Қазақстанға мемлекеттік сапармен келмек. Бұл туралы ҚР СІМ-нің хабарламасында жазылған.

СІМ ақпарына сәйкес Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Францияның Еуропалық және сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы, Экономикалық ынтымақтастық бойынша қазақ-француз үкіметаралық комиссиясының Тең төрағасы Жан-Батист Лемуанмен Парижде кездесіп, келіссөздер жүргізді.

«Келіссөздер барысында барлық маңызды бағыттар бойынша екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдету мәселелеріне аса ден қойылды. Сонымен қатар, Франция Президенті Эмманюэль Макронның алдағы уақытта Қазақстанға жоспарланған сапарына дайындық аясында ынтымақтастыққа жаңа серпін беретін басымдыққа ие жобаларды іске асыру барысы қарастырылды», - деп жазады СІМ.

Еске салсақ 2018 жылдың қазанында ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Макронмен Брюссельде кездескен еді.