Әлеуметтік-экономикалық салаға басымдық берілді
Әлеуметтік-экономикалық салаға басымдық берілді
5,171
оқылды
Президент өз Жолдауында әртараптандырылған және технологияға негізделген эко­номика құруға ерекше екпін берді. Осы арқылы қоғамның өткір талабын орындауға мүм­кіндік тумақ. Яғни, жаңа жағдайға бейімделген эко­номика арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жағдай жаса­лады. Қазіргі таңда коронавирус пандемиясының өршіп тұр­ғаны белгілі. Бүгінде індетті жұқтырғандар саны 30 мил­лионға жақындап, соның 900 мыңы бұл өмірмен қош­тасты. Шартараптың түкпір-түкпірінде енгізілген локдаунға байланысты әлем елдері бұ­рын-соңды кездеспеген эко­номикалық қиындыққа тап келді. Кәсіпорындар мен кә­сіпкерлердің жұмысы тоқ­тап, бүкіл сала тоқырауға ұшы­рады. Ішкі жалпы өнім көле­мінің өсуі баяуласа, кей мемлекетте тіпті кері құл­дырады. Мұның бәрі, әрине жа­һандық ахуалға бейімделген жаңа экономикалық даму жос­парын жасаудың қажетін туын­датты. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жолдауында бұл ба­ғытта атқарылатын іс-шара­лар толыққанды қамтылды деп айта аламыз. Мәселен, Президент өнер­кәсіптік әлеуетімізді толық пай­далануды міндеттеп отыр. Осы­ған байланысты ұлттық эко­номиканың стратегиялық қуа­тын арттыру үшін тез ара­да қайта өңдеу ісінің жаңа са­лаларын дамытуға тапсырма берді. Яғни, қара және түсті ме­таллургия, мұнай химиясы, кө­лік құрастыру және машина жа­сау, құрылыс материалдары мен азық-түлік өндіру және басқа да салаларда алдағы уақытта тың сер­пін берілмек. «Өнеркәсіпке қолдау көр­сетудің нақты шараларын да же­тілдіру керек. Бізде жүйелі әрі біртұтас ұстаным жоқ. Со­ның салдарынан сансыз көп жо­баға қаражатты ысырап етіп отыр­мыз. Әрине, өнеркәсіпке қол­дау көрсетудің кең көлемді қамтитын ауқымды шараларын сақтап қаламыз. Сонымен бірге Үкімет стратегиялық тұрғыдан маңызды өндірістерді, негізгі экспорттық басымдықтарды айқындап, қолдау шараларының аясын кеңейту керек. Стра­тегиялық жобалар үшін заттай грантты, қаржыландыру жеңіл­дігін, жекелей кепілдікті, экс­порттық қолдау тәсілдерін топ­тап ұсыну жолын қарастыру ке­рек» деп атап өтті Мемлекет бас­шысы. Экономикалық дамудың тағы бір бағыты шағын және орта бизнес өкілдерін қамтымақ. Локдаун кезінде зардап шеккен 700 мыңнан астам кәсіпкерге салық жеңілдіктері берілді. Төлем мерзімі кейінге шегерілді, несиені жеңілдікпен қайта қар­жыландыру мүмкіндігі ұсыныл­ды. Дегенмен мұның бәрі эко­номикалық қиыншылықты ең­сер­уге жеткіліксіз. Соған бай­ланысты Мемлекет басшысы эко­номиканың зардап шеккен сал­а­ларындағы кәсіпкерлердің қа­зіргі барлық несиелерінің 6 пайызға дейінгі жылдық мөл­­шерлемесі бойынша мем­лекеттік субсидия беруді тап­сыр­ды. Бұл да шағын және орта бизнесті қолдауға жасалған зор көмек. Шағын және орта бизнестің айналым қаражатын көбейтуге бағытталған арнаулы бағдарлама 2021 жылдың соңына дейін со­зылмақ. Осыған орай, қосым­ша 200 миллиард теңге бөлу қажет. Сол арқылы бағдарламаның жал­пы құны 800 миллиард тең­ге­ге дейін жетеді. Бұдан бөлек, Мемлекет бас­шысы ауыл шаруашылығын жолға қоюды, көлік-логистика кешенін дамытуды, ақша-не­сие саясатын қайта қарауды тап­сырды. Қорыта айтқанда, Пре­зидент Қ.Тоқаевтың Жол­дауында халықтың әл-ауқатын арттырып, мемлекет дамуына қажетті басым бағыттар ай­қын көрсетілді. Ендігі мін­дет – Жолдауда айтылған тапсыр­малардың үдесінен шығу.  

Тарас ХИТУОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясының фракция мүшесі