NASA Марстағы ерекше дыбыстарды тіркеді
NASA Марстағы ерекше дыбыстарды тіркеді
190
оқылды

Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасының (NASA) ғалымдары Марста таңғажайып сигналдарды ұстаған, олардың кейбіреулері сейсмикалық құбылыс болса, басқалары құпия күйінде қалып отыр, – деп хабарлайды Sky News.

«NASA-ның Марста жүретін құрылғысы InSight өткен жылы қарашада қызыл ғаламшарға барып, сәуірде алғашқы сейсмикалық шуылды тіркеді. Оны NASA «тыныш, бірақ анық дірілдеу» деп сипаттады»,– делінген хабарламада.

Сейсенбі күні жарияланған аудиотаспаның үлгілері InSight сейсмометрі анықтаған 100 жаңалықты қамтиды. Алайда, олардың ішінде тек 21-і «марстың дірілдеуі» ретінде – Марстағы жер сілкінісі екені анықталды. Ғалымдар «қызыл жұлдыздың» дірілдеуін зерттеп, құпия шуылдың неден шыққанын анықтауға қызығып отыр.