Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз
Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз
285
оқылды

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия тараптарының сегізінші Ассамблеясы Нұр-Сұлтан қаласында ашылды.

Кеше Нұр-Сұлтан қаласында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия (МАКА) мен Қазақстан Республикасы (МАКА) тараптардың сегізінші Ассамблеясына әлемнің барлық өңірінен 133-тен астам делегат қатысты.

Үкімет өкілдерін қоса алғанда, 40-тан астам ұлттық және институттық ұйымдардың атынан өкілдік ететін делегаттар жалпы мақсаттар мен ХСЖҚА стратегиясын талқылау үшін үш күндік іс-шараға қатысады.

Алдымен Академияның биылғы жұмыс бағдарламасын іске асыру және оған жаңа стратегияны әзірлеу мәселелері қарастырылады. Бұдан бөлек, МАКА-ның бірқатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалары талқыланатын панельдік пікірталас өтеді.

Сессияны Грузияның елшісі Зураб Абашидзе ашты, ол қызметінен кеткен Ассамблея Төрағасы Гоча Лордкипанидзе, Грузия Әділет Министрінің орынбасары атынан сөз сөйледі.

гоча.jpg
 Гоча Лордкипанидзе

«Мен үшін өткен жыл бойына Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияға қызмет ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жалпы іске өз үлесімді қосу үлкен мәртебе болды. Бұл сессия ұйым мен оның маңызды миссиясын одан әрі нығайтады деп үміттенемін», – деді Лордкипанидзе мырза жазылған сөзінде.

Өз кезегінде ХСЖҚА басшысының міндетін атқарушы Кристиана Пон-Хуфнагл делегацияны Академияны қолдауды күшейтуге шақырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беруді дамытуда жаңа және инновациялық бағыттарды іздестіруде МАКА-мен бірлесіп әрекет ету мәселесі айтылды.

«2011 жылы құрылған сәттен бастап, МАКА сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер саласында жоғары білім берудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін озық тәжірибе орталығы ретінде біздің тұрақты қатысушыларымыздың, бағдарламаларымыздың және біздің беделіміздің тұрғысынан айтарлықтай өсті. Мұның бәріне өте шектеулі ресурстар арқылы қол жеткізілді», – деп атап өтті ол.

Ассамблея қатысушыларын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев ел Президенті атынан құттықтады.

Өзінің құттықтау сөзінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Теория мен тәжірибенің симбиозы, үздік әлемдік тәжірибені талдау Академияға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жоғары білікті мамандарды дайындауға мүмкіндік береді» - деп, академияның жоғары рөлі мен бірегейлігін атап өтті.

Қабылдаушы елдің атынан сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларында қол жеткізген прогресін атап көрсетті. Мұндай халықаралық деңгейдегі шарада өз пікірін қазақша білдірген бірден бірі Агенттіктің төрағасы болды.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін түбегейлі азайтуға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалардың жаңа пакетін дайындау бойынша жүйелі және дәйекті жұмыс жүргізілуде», – деді өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомства төрағасы.


Қазақстан үшін бірінші кезектегі басымдықтардың бірі тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады, бірінші кезекте мемлекеттік қызметтерді барынша цифрландыру арқылы жоятын боламыз.

Бүгін Қазақстан БҰҰ-ның тиісті рейтингісінде электрондық үкіметті дамыту деңгейі өте жоғары елдер шоғырына кіреді.

Бизнес пен инвестицияларды қорғаудың тиімді тетіктері құрылды. 1998 жылдан бастап Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі жұмыс істейді. Өткен жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Protecting business and investments» жобасын қосты, 30 млрд. АҚШ долларын болатын 345 компанияның таза бизнес жүргізуін қамтиды.

Барлық жүзеге асырылып жатқан жұмыстың нәтижесі ретінде Қазақстан "Doing Business-2019" рейтингінде 190 мемлекеттің арасында 28 орында тұр.

Қазақстан БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялады. ЭЫДҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбул іс-қимыл жоспарының ұсынымдарын орындау бөлігінде айтарлықтай прогреске қол жеткізілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 15 қазанында Францияның Страсбург қаласында Еуропа Кеңесінің штаб-пәтерінде Қазақстанның ГРЕКО-ге қосылуы туралы біздің ел мен Еуропа Кеңесі арасында келісімге қол қою жоспарлануда.

Бұл Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру бойынша үздік еуропалық сарапшылардан ұсыныстар алу мүмкіндігіне қол жеткізді.

Ассамблея сессиясы жұма күні, 4 қазанда аяқталады.

Айта кететін жайт, Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия (IACA) – бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және нормативтік талаптарды сақтауға мамандандырылған халықаралық ұйым және білім беру мекемесі.

Қазіргі уақытта онда әлемнің 160 елінен 78 тарап пен түлектер бар .