Көлгінов Талдыкөлдің балығы жеуге жарамсыз екенін айтты
Көлгінов Талдыкөлдің балығы жеуге жарамсыз екенін айтты
Фото: Интернеттен алынды
159
оқылды

Әкімнің айтуынша, көл аумағы табиғи қалпында сақталып, айналасына саябақ салынады.

Бұған дейін тұрғындардың шағымы көбейген көлдің табаны толық құрғатылмайды, ­– деп жазады 24.kz. Зерттеушілердің дерегінше, Талдыкөлден балық аулау қауіпті. Себебі, судың құрамында химиялық элементтердің мөлшері өте көп. Осыған байланысты қала әкімі тұрғындарға Талдыкөлдің балығын жеу денсаулыққа зиян екенін ескертті.

Алтай Көлгінов: «Біз Талдыкөлді кептірмейміз. Судың азайып жатқан себебі, маңайында құрылыс салынып жатыр. "Шығыс", "Жағалаудың" айналасын біз қайтадан абаттандыруымыз қажет», ­– дейді.

«Айқында» кіші Талдыкөлдің проблемасы бұған дейін де бірнеше рет жазылған болатын.