Израиль премьері Нетаньяху жемқорлық жасады деп айыпталды: тергеу жүруде
Израиль премьері Нетаньяху жемқорлық жасады деп айыпталды: тергеу жүруде
130
оқылды

Израильде премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың жемқорлыққа барды деп айыпталғанына қатысты сот тыңдауы басталды. Бұл туралы Euronews хабарлайды.

Ең ірі айыптаудың бірі премьердің жергілікті «Безек» телекоммуникациялық компаниясымен байланысы болып отыр. Прокурордың сөзінше Нетаньяху премьер-министрдің қызметін оң бағытта насихаттау үшін медиахолдингке пара берген.

Бұдан өзге ол бірқатар шенділерден сыйлықтар алған деген ақпар бар. Кезекті бір айыптауға сәйкес премьер "Едиот ахронот" басылымының басшысы Арнон Мозеспен ауыз жаласқан. Тергеуге сәйкес Нетаньяху егер басылым өзі туралы оң мақалалар жариялайтын болса, олардың бәсекелестерін жойып отыруға уәде берген.

Алайда үкімет басшысының тоғыз адвокатының біреуі премьер-министрдің аталған істерге қатысының жоқтығына дәлел ұсынамын деп отыр. Қатарынан төрт күн өтетін сот тыңдауына Нетаньяхудың өзі қатыспайды.

Сот шешімі желтоқсанның ортасына дейін шығады.