Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы қаралды.
Депутаттар отбасында зорлық-зомбылыққа ұшырағандарды қорғауды күшейту керек деп есептейді.
Олар тұрмыста зорлық-зомбылық көрсеткендерді жәбірленушімен және балалармен сөйлесу, кездесу және оларды ізіне түсіп аңдуға 30 күнге тыйым салынады.
Депутат Ирина Унжакованың айтуынша, заң жобасына сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылық қатері туралы хабарлама, оның ішінде, әлеуметтік желіде жарияланған мәлімет те полицейлердің жанжалды анықтау үшін әрекет етуіне негіз болады. Сол үшін полицейлердің өкілеттігін де кеңейтуді ұсынды.
Депутаттар отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында айыпты адамды баспанасынан шеттетіп, жәбірленуші және балаларымен 30 күн бойы кездестірмеуді тәжірибе ретінде ұсынып отыр.
Соңғы кезде Ішкі істер министрлігінің дерегінше, биыл 8 ай ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі негізінде 130 мың арыз түскен.
Нәтижесінде, 2,5 мың қылмыстық іс қозғалған. Бірақ жәбірленушілер арасында арыз-шағымын кері қайтарып алғандары да бар.